ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Блок-контейнерлер


Орындау нұсқалары

Бүгінгі күнге біздің компаниямыз блок-контейнерлердің негізінде үш конструктивті орындалу нұсқаларында модульді ғимараттарды жасап шығаруда:

  1. стационарлы (жеке тұрған және оқшауланған)
  2. шасси үстінде («Сармат» ӨБ ААҚ шығарған тежеу жүйесі мен қосымша дөңгелегі бар екі осьті жүру бөлігі)
  3. алынбалы немесе алынбайтын жүгіртпелерде

Блок-контейнер кұрылымының негізін өзара дәнекерлеу тәсілімен қосылатын негіз (еден), қабырға мен жабын (төбе) панельдері құрайды. Панельдің металлағаш қаңқасы, сыртқы және ішкі қаптамасы, жылуұстағыш және жылуұстағыш пен ішкі қаптаманың арасындағы буоқшаулағышы бар. Металлағаш қаңқасы дәнекерлеу тәсілімен жиналған иілген болат пішіндерінен және қаңқаның металл элементтеріне бекітілетін түрлі қимасы бар ағаш сырғауылдарынан орындалады. Сыртқы қаптамасы – полимерлі жабындысы бар пішінделген мырышталған болат табақтары. Жылуұстағыш ретінде жылуоқшаулағыш материалдар қолданылады: түрлі тығыздығы мен қалыңдығы бар URSA минералды мақтасы және фольгамен қапталған пенофол. Үй-жайлардың ішіндегі қабырғалардың, еденнің, негіздің және арақабырғаларының ішкі әрленуі Тапсырыс берушінің тілектеріне сәйкес орындалады.

Ішкі әрлеудің келесі нобайы үлгі нұсқасы болып табылады:

  • қабырғалары – МДФ панельдері
  • птөбесі – суэмульсиялық бояумен сырланған МДФ тақтайшасы (немесе ақ түсті ПВХ вагонкасы)
  • едені – ені 3 м линолеум

Блок-контейнердің шатыры – қатты, сырланған құрыш табағынан орындалады.

Ғимаратты көліктің барлық түрлерін: теміржол, автомобиль, су және ауа көліктерін пайдалана отырып тасымалдауға болады.

«МеталПромЭкспорт» ЖШҚ блок-контейнерлердің негізінде шығарған ғимараттардың артықшылықтары:

  • СНиП 21-01-97 бойынша отқа төзімділіктің үшінші дәрежесі
  • Рихтер шәкілі бойынша сейсмикалық тұрақтылығы 9 баллға дейін
  • –60 °С до +55 °С температура аралығында пайдалану мүмкіндігі
  • пайдалану мерзімі 15 жыл
  • ғимараттың пайдалану қасиеттерін жоғалтпастан оны бірнеше рет орнын ауыстыру мүмкіндігі
  • вандалдарға қарсылығы – металл есіктер мен терезелердегі қақпақтар ғимаратқа бөгде адамдардың кіру мүмкіндігін жоққа шығарады
  • кез келген маусымда құрылыс жасау – ғимаратты жылдың кез келген уақытында, кез келген климаттық жағдайларда құрастыру мүмкіндігі
  • күрделі іргетастарды салуды қажет етпейді
  • толық жинақталуы – ғимарат Тапсырыс берушінің қалауына сәйкес барлық қажетті жиһазбен және жабдықпен толықтай жинақталған
  • ғимараттың еркін жоспарлауы Тапсырыс берушінің қалауына сәйкес жүзеге асырылады
  • экологиялық қауіпсіздік
  • пайдалануға жылдам енгізу

Барлық ғимараттар СНиП пен ГОСТ талаптарына сәйкес жасап шығарылған, барлық қолданылатын материалдар сертификатталған



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru