ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Металл құрылмаларынан салынған ғимараттар


Металл құрылмаларынан салынған ғимараттар: жобалау,
дайындау, жеткізу, монтаждау

“МеталПромЭкспорт ЖШҚ – металл құрылмаларынан тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстарды өндіретін жетекші өндірушілерінің қатарына жатқызылады. Компания, толық зауыттық дайындықтағы металл құрылмаларынан жасалған ғимараттарды жеткізеді, сондай-ақ жобалау, тасымалдау, монтаждау және шефмонтаж жасау қызметтерін көрсетеді. Жеткізілім кешеніне ғимаратты монтаждауға арналған барлық қажетті толымдаушылар кіреді, олар: металл каркасы, төбе жабындылары мен қабырғалардың қоршаушы құрылмалары, терезелер, қақпалар, есіктер, металл баспалдақтары, саңылау жапқыштар, металл бұйымдары.

Бізде өндірілген металл құрылмаларынан салынған ғимараттарды ҚНжЕ талаптарына сәйкес пайдалану шарттары:

  • Қар жауатын аудандар – VIII дейін
  • Жел соғатын аудандар – VII дейін
  • Сейсмикалық – 9 балға дейін

МеталПромЭкспорт компаниясы металл құрылмаларының негізіндегі ғимараттарды аз зерттелген (таулы) аудандарға есептеп шығарады және жеткізеді. Қар және жел жүктемелерін есептеуге арналған деректерді жергілікті метеорологиялық қызметтер ұсынады.

Металл құрылмаларының негізінде тез тұрғызылатын ғимараттардың арналымы

МеталПромЭкспорт өндіріс-құрылыс компаниясы әртүрлі мақсаттағы толық жиынтықты тез тұрғызылатын ғимараттарды өткізеді:

  • логистикалық кешендер
  • ауыл шаруашылығы құрылыстары (мал өсіру және құс өсіру фермалары, көкөніс және астық қоймалары)
  • спорттық ойын-сауық кешендері (мұз сарайлары, әуіттер, футбол алаңдары, манеждер)
  • сауда ойын-сауық орталықтары, үсті жабық базарлар, көрме павильондары, автосалондар
  • қоғамдық және әкімішілік ғимараттар
  • өндірістік және өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар (өндірістік цехтар, корпустар, техникалық қызмет көрсету станциялары, көлікжайлар)
  • ангарлар
  • және басқа да көптеген бірегей құрылыстар

МеталПромЭкспорт тарапынан өндірілген металл құрылмаларынан дайындалған ғимараттардың артықшылықтары

Біздің компаниямыз тез тұрғызылатын ғимараттарды сериялық және жеке жобалар бойынша ұсынамыз, Тапсырысшы үшін төмендегіні қамтамасыз етеді:

  • салынатын ғимараттардың жоғары дәрежелі сенімділігі мен беріктігі
  • ішкі инженерлік желілерді қоса алғанда, каркастан бастап ғимараттың толық жиынтығына дейін жеткізу
  • қысқа мерзімнің ішінде монтаждау
  • каркас элементтерін минимумға дейінгі жоғары дәлдікпен дайындаудың арқасында құрылыстың құны мен мерзімдері қысқарады
  • болат каркасты пайдаланудың есептік мерзімі – кемінде 50 жыл
  • ғимараттардың габариттік өлшемдеріне және әртүрлі сәулет пішіндерін жасауға қатысты шексіз мүмкіндіктер
  • металдың жұмсалуын оңтайландыруға мүмкіндік беретін түпнұсқалы құрастырушылық шешімдер
  • арқалық-крандар, көпірлік крандар сияқты және т.б. әртүрлі жүк көтергіш жабдықтарды орнату мүмкіндігі ескерілген ғимараттар.

МеталПромЭкспорт компаниясы әрбір Тапсырысшы үшін кешенді жеке тәсілдемені қамтамасыз ете отырып, оған төмендегіні ұсынады:

  • құрылыс салушы тарапынан ұсынылған бастапқы-рұқсат беруші құжаттама бойынша жобалық құжаттама мен жұмыс құжаттамасын әзірлеу
  • құрылыс алаңшасын дайындау, іргетастарды қалау
  • нысанның құрылыс орнына тасымалдау
  • каркасты және қоршаушы қабырға/төбе жабындысы құрылмаларын монтаждау
  • ішкі инженерлік желілерді өткізу және әрлеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары

Компанияның кең мүмкіндіктері мен тәжірибесі, қажетті өндірістік жабдықтардың барлық кешенінің болуы Тапсырысшыны өзіндік өндірісте өндірілген сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нысанды салу үшін қажетті барлық бөлімшелердің болуы арқасында, іргетасты қалаудан бастап нысанды пайдалануға тапсыруға дейін.жұмыстардың барлық циклын орындау және ғимараттарды тұрғызу мерзімін қысқарту қабілеті.

Біздің мамандарымыз тарапынан әзірленген және бұрын компания тарапынан іске асырылған дайын жобалардың болуы есебінен ғимараттың құнын азайту мүмкіндігі.
Осылайша, бір жеткізушімен бірге жұмыс жасай отырып, сіз қажеттінің барлығына, яғни "бір қолдан" ұсынылған жоба мен толымдаушыларға ие боласыз, соның арқасында уақыт пен қаржы шығыны едәуір қысқарады. МеталПромЭкспорт компаниясы тарапынан салынатын ғимараттар құжаттардың қажетті пакетіне ие.
Көкейіңізде жүрген мәселелерді нақтылау үшін мамандармен келесі байланыс ақпараты бойынша хабарласа аласыз: тел.:/факс + 7 (4855) 290-907, e-mail: kz@metalpromexport.com

Логистикалық орталық, жалпы S 60 000 м<sup>2</sup>. Қар қабатының есептік салмағы 240 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 23 кг/м<sup>2</sup>

Жиһаз қоймасы (48х18х5 м). Қар қабатының есептік салмағы 240 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 23 кг/м<sup>2</sup>

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені (30х36х9 м). Қар қабатының есептік салмағы 240 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 23 кг/м<sup>2</sup>

Өндірістік ғимарат (72х28,5х3,3 м). Қар қабатының есептік салмағы 240 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 23 кг/м<sup>2</sup>

Өндірістік цех (34,5х17х8 м). Қар қабатының есептік салмағы 240 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 23 кг/м<sup>2</sup>

ӘТК бар көлікжай (62х24х6,5 м). Қар қабатының есептік салмағы 320 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 23 кг/м<sup>2</sup>

Жалғанып салынған ӘТК бар қойма (144х60х6,5 м). Қар қабатының есептік салмағы 240 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 23 кг/м<sup>2</sup>

Қойма (130х60х6 м). Қар қабатының есептік салмағы 240 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 38 кг/м<sup>2</sup>

Газ-трубина электр станциясының ғимараты (18х15х3,1 м). Қар қабатының есептік салмағы 400 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 30 кг/м<sup>2</sup>

Өндірістік ғимарат (150х48х6 м). Қар қабатының есептік салмағы 240 кг/м<sup>2</sup>. Жел қысымының нормативтік мәні 23 кг/м<sup>2</sup>



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru