ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»







Компания туралы


Жалпы ақпарат

«МеталПромЭкспорт» ЖШҚ — серпінді дамып жатқан құрылыс компаниясы. Кәсіпорын тез тұрғызылатын құрылыс нарығында табысты жұмыс істеп келеді және өзін сенімді әрі тұрақты серіктес ретінде таныта алды.

Компанияның басты мақсаты — жеңіл металлқұрылымдарының және түрлі инженерлік жүйелердің жинағы бар блок-контейнерлердің негізінде түрлі күрделілік деңгейіндегі және функционалдық мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды жобалау, жасап шығару, жеткізу және құрастыру бойынша қызметтердің барлық спектрін жылдам әрі сапалы түрде көрсету, сондай-ақ өмірді қамтамасыз етудің автономдық жүйелерін жеткізу.

«МеталПромЭкспорт» ЖШҚ мүмкіндіктері

  1. ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН орындау: жұмыс жобасын бүтіндей, сол сияқты жекелеген бөліктерін (интерьерлік шешімдерді әзірлеумен бірге дизайн-жобаны қоса алғанда); техникалық қадағалау функцияларын атқару
  2. Толық кешенді тез тұрғызылатын ғимараттар мен имараттарды ЖАСАП ШЫҒАРУ:
    • жеңіл металлқұрылымдар (ангарлар, цехтер, қоймалар және де басқа өндірістік, әкімшілік, спорттық кешендер,көлік жуу)
    • түрлі мақсаттағы блок-контейнерлер (модульді ғимараттар, тұрмыстық ғимараттар, тұрмыстық үй-жайлар) және солардың негізінде кешендер, соның ішінде 2 және 3 қабатты ғимараттар
    • вахталық поселкелерді салу
  3. Өмірді қамтамасыз етудің автономдық жүйелері:
  4. Тұрғызылатын нысандарды ҚҰРАСТЫРУ және құрастырылуын бақылау

Құрылыста комплексті әдістеме қамсыздандыру арқасында біз үлгілі және ең күрделі жобаларды іске асырамыз — алдынала жобалау жұмыстарынан бастап, дайын объектіні қолға тапсыру, сонымен қатар жылу мен энерго жабықтау,сумен жабдықтау және кәріз орналастыру. Барлық шаруаларыңызды бір фирмаға тапсырғанда, сіз өз уақытыңыз бен қуатыңызды үнемдейсіз.

Бірлестіктің құрылымы барынша тиімділікпен қолдануға жетілдірілген. Яғни бұл құрылыс ғимараттарында тез және сапалы жұмыс өткізуге мүмкіндік береді. «МеталПромЭкспорт» ЖШҚ компаниясының шығарылатын өнімге құжаттар пакеті және жобалау, құрылыс әрі құрастыру жұмыстарын жасауға арналған қажетті рұқсаттары бар.

Кәсіпорынның жобалау бөлімі Сіздің барлық ниеттеріңізді барынша ескере отырып жобаны әрдайым әзірлеуге, қолда бар бірқатар шешімдерді (жобаланған және іске асырылған нысандардың кітапханасы құрылған) ұсынуға әзір.

Дайын өнім қоймасы жеткізу жұмысын барынша жедел жасауға мүмкіндік береді.

Нысандарды пайдалануға берудің барынша қысқа мерзімдері, өнім мен қызмет көрсетудің жоғары сапасы, шарт бойынша сенімді әрі дер кезінде орындалатын міндеттемелер, икемді баға белгілеу жүйесі және әрбір клиентпен жеке тіл табыса білу біздің компаниямыздың табысының негізіне айналды!

Сізді біздің серіктестеріміздің қатарынан көруге қуанышты боламыз!



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru