ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»







Жұмыс сатылары


Жобалау

Жобалау бөлімі бірыңғай өндіріс жүйесінің: идея құрудан бастап нақты нысандарды пайдалануға беруге дейін ұтымды әрекеттің іске асырылуын қамтамасыз ететін "МеталПромЭкспорт" ЖШҚ негізгі бөлімшелерінің бірі болып табылады.

МеталПромЭкспорт компаниясы жылдам салынатын ғимараттардың және металл құрылымдарынан тұратын ғимараттардың, сонымен қатар модульдік қазандықтардың жеке және үлгілік жобаларын әзірлей отырып, әр түрлі функционалдық арнаудағы ғимараттардың жобалануын жүзеге асырады. Біздің жобалау бөліміміз барлық жұмыстар кешенін жүзеге асырады: “нобайлық жоба“ кезеңінен “жұмыс жобасына“ дейін, сондай –ақ интерьерлер мен экстерьерлердің нобайлары мен дизайнын жасайды. Жобалық құжаттаманың жекелеген бөлімдерін орындауы мүмкін.

Құжаттама келесі арнауда әзірленеді:

  • күрделі құрылыс –металл құрылымдарынан жасалған ғимараттар үшін
  • жылдам салынатын құрылыс – құрама панельді құрылыстар мен блок-контейнерлер негізіндегі топтастырылған ғимараттар үшін
  • энергетикалық жабдық – әр түрлі отын түрлерінде жұмыс жасайтын модульдік ғимараттар үшін

Жобалық құжаттама қолданыстағы нормалар, ережелер мен стандарттарға (ҚНжЕғ,МЕМСТ және басқа да нормативтік және ведомстволық құжаттарға) сай әзірленеді.

Үдерісті жобалау кезеңдері

Жоба алды пысықтау


Жоба алды құжаттама кезеңінде болашақ нысанды көзбен елестету және көлемдік-жоспарлық шешімді әзірлеу жүзеге асырылады. Қысқа мерзімде Тапсырыс берушінің нысан туралы түсінігі қалыптасуы мүмкін және қажет болған жағдайда, оның тілегі бойынша мейлінше аз уақыт және қаржылық шығындармен түзетулер енгізуі мүмкін.

Жобалық және жұмыс құжаттамасы


МеталПромЭкспорт компаниясы “ЖБ“ кезеңінде және “ЖС“ кезеңінде басты жобалаушы және жекелеген бөлімдердің қосалқы жобалаушы қызметін орындай отырып, толық көлемде жобалық құжаттаманы әзірлейді.

Жобалық және жұмыс құжаттамасы Тапсырыс берушімен келісілген жоба алды пысықтау жұмысының негізінде дайындалады және мемлекеттік/мемлекеттік емес сараптамадан өткізу және тікелей нысанды салу үшін қажетті толық ақпарат көлемін қамтиды.

"МеталПромЭкспорт" ЖШҚ қызметтестіктің артықшылықтары


Біз жобалық құжаттаманың сапалы әзірленуін және дайындалуын қамтамасыз етеміз:

  • Құрылыс технологиялары мен аса жаңа техникалық әзірлемелерді зерттеу жүзеге асырылып, бұдан әрі жұмыс барысында қолданылады.
  • Жаңа нысандарды жобалау кезінде заманауи материалдар жөнінде қол жеткізілген ақпарат ескеріледі, бұл құрылым пен жабдықты жасау, құрылыс пен ғимаратты және құралымды одан әрі пайдалануға беру барысында кететін қаражаттың үнемделуіне мүмкіндік береді.
  • Тапсырыс беруші біздің компанияда жобаны әзірлеу кезінде жоба алды пысықтау кезеңінде көрсетілген нысандар мен оның жоспарлы құнымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
  • Жұмыс сызбаларының дайындық шамасына қарай біз нысан құрылысына кірісе аламыз, сол арқылы Тапсырыс беруші үшін уақыт және экономикалық шығындар анағұрлым азайтылады.

Аса жоғары бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, озық технологиялар бойынша жұмыс жасайтын кәсіби шеберлігі жоғары және отандық қызметкерлер штаты бірегей және әрқилы тәсілдемені қолдана отырып, келісілген мерзімдерде Тапсырыс берушінің талаптары мен қолданыстағы жобалау нормаларына сәйкес жобалау жұмыстарын жүзеге асырады. Біздің компания құрылыс барысында және нысанды пайдалануға беру кезінде авторлық және техникалық қадағалауды іске асырады. Сонымен қатар біз бірқатар дайын шешімдерді ұсынуға дайынбыз, атап айтқанда, жобаланған және іске асырылған нысандардың кітапханасы құрылған.













Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru