ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»







Компания туралы


БАҚ біз туралы

2009 ж. | «Бурабай» газетасы Щучинск қ. «Луч» газетасы Щучинск қ.

толығырақ »

2009 ж. | Kazakhstan журналындағы № 6 мақала

толығырақ »

2009 ж. | Kazakhstan 2009 журналындағы № 5 мақала

толығырақ »

2009 ж. | Kazakhstan журналындағы № 4 мақала

толығырақ »

2009 ж. | Күніңді таза судан баста …( Kazakhstan журналы 3/2009)

толығырақ »

2009 ж. | Kazakhstan журналындағы № 2 мақала

толығырақ »

2009 ж. | ІЛЕСПЕ ГАЗДЫ ПАЙДАҒА АСЫРУ (Kazakhstan журналы 2009|1)

Ілеспе газды пайдалану мәселесі жөнінде қазір көп айтылып та, жазылып та жүр. Осы мәселе дәл қазір туындап қойған жоқ, оның біраздан бері өз тарихы бар. «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-5-бабының 1-тармағына сай – «Ілеспе және (немесе) табиғи газды пайдаға асырмаусыз мұнай газ кен орындарын өнеркәсіптік әзірлеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ». Тым үлкен айыппұлдарды төлеу – қалыптасқан жағдайда, атап айтқанда ауыр қаржы дағдарысының уақытында бұл шешім емес. Ілеспе газдан айырылу – жер қойнауын пайдаланушылар үшін үлкен қателік болып табылады. Барлығы білетіндей, ілеспе-мұнай газы мұнай өндірудің жанама өнімі болып табылады және оның факелдерде жанып кетуінің орнына ГАЗПІСПЕКТІ ЭЛЕКТРСТАНЦИЯЛАРЫН пайдалану нұсқасын ұсынып отырмыз. Газпіспекті қондырғылар ілеспе – мұнай немесе табиғи газдың қуатын арзан электр қуатына керемет айналдырады. Газдың құнына қарай 1 кВт/сағат электр қуатының өзіндік құны шамамен 2.4 – 3 теңге құрайды. Газпіспекті электрстанцияларын салу бойынша нарықтағы жетекші көшбасшылардың бірі «МеталПромЭкспорт» өндірістік компаниясы болып табылады. Қуаттылығы 30 кВт-тан 350 кВт-қа дейін болатын, магистральды және ілеспе мұнай газында жұмыс істейтін АГП сериялы газпіспекті электрстанциялары Рыбинск қаласында (Ресей, Ярослав облысы) «МеталПромЭкспорт» өндірістік алаңында жиналады. «МеталПромЭкспорт» ҚР ТЖМ берген Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік нысандарында гаспіспекті электрстанцияларын қолдануға рұқсаты, сондай-ақ барлық қажетті сертификаттары (соның ішінде ГАЗПРОМ-ның сертификаты) бар.

АГП-ны пайдаланған кезде 2 негізгі міндет шешіледі:

  1. экологиялық мәселені шешу
  2. газды пайдаға асыру және арзан электр қуатын алу

«МПЭ» жасап шығарған электрстанциялары Маңғыстау облысының (Ракушечное кенорны, Морской кенорны және Шығыс Қаратұрын, Солтүстік Жетібай кенорны, Алатөбе кенорны және көптеген басқалары), Атырау облысының (мысалға Айранкөл кенорны), Ақтөбе облысының (мысалға Лақтыбай кенорны) және Қызылорда облысының мұнай және газ кенорындарында пайдаланылады.

«МеталПромЭкспорт» зауыты шығаратын электрстанцияларының негізгі сөзсіз артықшылықтары мыналар болып табылады:

  • импорттық аналогтармен салыстырғанда төмен құны
  • қосалқы бөлшектердің болуы және олардың төмен құны
  • ұтқырлығы (арнайы блок-контейнерлерге орнату)
  • электрстанцияның төмен tº жағдайларында жұмыс істей беруі
  • үнемі режимде жұмыс істей беруі (тәулігіне 24 сағат)
  • жасап шығарудың және құрастырудың ең қысқа мерзімдері
  • сенімділік пен үнемді болуы
  • кепілдікпен және сервистік қызмет көрсету
  • зауыттан тікелей жеткізілімдер және жасап шығарудың қысқа мерзімдері (15 күннен 45 күнге дейін), басқаша айтқанда, газпіспекті қондырғылардың артықшылықтары кемшіліктеріне қарағанда артығырақ және олардың барлығы қандай да бір ғылыми-танымдық мақалада аталып өтуі мүмкін

Офистің ішінде жұмыс үнемі қайнап жатады және өздігінен оқу мен түрлі зерттеулер тоқтамайды. «МеталПромЭкспорт» ЖШҚ ең жоғары деңгейде күрделілігіне қарамастан, кез келген жобаны аяғына дейін жеткізеді. «МеталПромЭкспорт» КЕШЕНДІ ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІН, ІСКЕ АСАТЫН ШЕШІМДЕРДІ ұсынады.



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru