ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»







Компания туралы


БАҚ біз туралы

2009 ж. | «Бурабай» газетасы Щучинск қ. «Луч» газетасы Щучинск қ.

толығырақ »

2009 ж. | Kazakhstan журналындағы № 6 мақала

— «МеталПромЭкспорт» бизнесі жалпы, және атап айтқанда Қазақстанда қалай дамып жатыр?

— 15 жылдан бері біздің зауытымыз құрылыстың барлық сатылары бойынша: қажетті алдын ала жобалық жұмыстар мен келісулерден бастап дайын нысанды «кілтке» тапсырғанға дейінгі жұмыстарды орындай отырып тез тұрғызылатын модульді құрылыс саласында үлгі нысандағы, сол сияқты ең күрделі заманауи жобаларды іске асырумен айналысып келеді. «МеталПромЭкспорт» ЖШҚ өзінің қызметінің барысында жетекші Ресейлік, Қазақстандық және Өзбекстандық компаниялармен серіктес қатынастарын орната алды. Қазақстан нарығында біздің компаниямыз 5 жыл бойы жұмыс істеп келеді және бүгінгі күнге біз «Қазмұнайгаз» «Обухов ТБК», «ENCP», «Каменистое», «Schlumberger», «Қазгермұнай», «CaspiOilGas», «Маңғыстаумұнайгаз», «БузачиНефть», «Базис-А» және көптеген басқалары сияқты кәсіпорындармен жұмыс істегені жайында мақтанышпен жария ете аламыз. Қазақстан нарығы біз үшін өте қызықты болғанын атап өткен жөн және біз осы нарыққа келгеннен бастап Алматы қаласында өзіміздің ресми өкілдігімізді ашып алдық. Біздің компаниямызда, атап айтқанда Қазақстандық өкілдікте жергілікті нарықты білетін және кез келген шешімді ұсына алатын қазақстандық мамандар жұмыс істеуде.

— «МеталПромЭкспорт» ұсынатын қандай өнім мен қызмет бүгін Қазақстанда ең үлкен сұранысқа ие болып отыр?

— Үкімет жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізді, енді мұнай өндіретін компанияларға, егер олар ілеспе газды 2011 жылға дейін пайдаға асыру бойынша міндеттемелерді орындамаса, табиғатты пайдалану рұқсаты берілмейді. Біздің компаниямыз ілеспе мұнай газын пайдаға асыру мәселесін шешуге өз үлесін қосты. Бүгін, ілеспе мұнай газын пайдаға асыру бағдарламаларының көтеріліп отырғанын көріп отырғанда, біз осы істе біздің еңбегіміздің бір бөлігі бар екендігін мақтан тұтамыз.

— Клиенттер «МеталПромЭкспорт» неліктен таңдайды?

— Менің ойымша, біздің компаниямыздың табысының құпиясы оның философиясында болып отыр — клиенттердің қасында болу және олардың бизнесінің табысты етіп дамуына көмектесу. Жергілікті нарықта сапалы ғимараттар мен сенімді жабдықты ұсына отырып, біз өз тапсырыс берушілерімізге оларды сатып алу үшін барынша қолайлы талаптарды ұсына алатындығымызда болып отыр. Сондай-ақ біздің еңбек принциптеріміздің бірі өнімді ең қысқа мерзімде тапсырыс берушінің нысанына дейін сапалы түрде жеткізу болып табылады. Біз сенім білдіру — клиентпен ұзақ мерзімді қатынастар жасауда ең маңыздысы, ал ынтымақтастықты жалғастыру — біздің еңбегіміздің ең үздік бағасы.

— Сіздің бизнесіңізде мамандардың біліктілігі қандай рөл атқарады?

— Бизнесіміздің дамуы біріккен әрі кәсіби командасыз мүмкін емес. Бүгінгі күнге «МеталПромЭкспорт»-тың ең мықты деген мамандардың командасы бар: жоба менеджерлері, жобалаушылар, инженерлер, іске қосушылар мен құрастырушылар.

2009 ж. | Kazakhstan 2009 журналындағы № 5 мақала

толығырақ »

2009 ж. | Kazakhstan журналындағы № 4 мақала

толығырақ »

2009 ж. | Күніңді таза судан баста …( Kazakhstan журналы 3/2009)

толығырақ »

2009 ж. | Kazakhstan журналындағы № 2 мақала

толығырақ »

2009 ж. | ІЛЕСПЕ ГАЗДЫ ПАЙДАҒА АСЫРУ (Kazakhstan журналы 2009|1)

толығырақ »



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru