ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Блок-контейнерлер


Блок-контейнерлердің типтері

МеталПромЭкспорт компаниясы блок-контейнерлердің негізінде толық кешенді ғимараттарды салады. Блок-контейнерлердің негізінде салынатын модульдік ғимараттар кез келген өңірде адамдардың қолайлы жағдайларда өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда жылдам салынатын ғимараттарды мұнай және газ компаниялары; бұрғылау,жөндеу, ұңғымаларды орнықтыру және жабумен айналысатын мамандандырылған сервистік компаниялар; геофизикалық және геологиялық компаниялар, сонымен қатар құбырлардың, электр беріліс желілерінің құрылысымен, жол төсемімен, көпірлер мен тоннельдерді салумен және қалалық инфрақұрылымнан шалғай орналасқан басқа да нысандар қолданады.
Біз өндіретін блок-контейнерлер негізіндегі ғимараттар технологиялық мамандандырылған жабдықты орналастыру/орнату үшін, сонымен қатар қойма ретінде қолданылады.

Блок-контейнерлер негізіндегі ғимараттар бір немесе екі қабатты орындауда салынады.

Блок-контейнерлер негізіндегі жылдам салынатын ғимараттар:

  • әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, жатақханалар, қонақ үйлер, кеңселер
  • дүкендер, спорт залдары, асханалар, кафе
  • душ бөлмелері, моншалар, сауналар, кір жуу орындары, химиялық тазарту орындары, санитарлық тораптар, дәретханалар
  • киім ілу, киім шешу-киіну орындары, киім кептіру орындары
  • БӨБ, күзет орындары
  • қоймалар, шеберханалар
  • операторлық бөлмелер, зертханалар, аппараттық бөлмелер
  • және тағы басқа

МеталПромЭкспорт өндірген блок-контейнерлердің сатылымдағы типтері

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ компаниясы келесі блок-контейнерлердің типтерін ұсынады:

Толық дәнекерленген блок-контейнерлер
Толық дәнекерленген қаңқа негізді блок-контейнерлер вахталық кенттерді жабдықтау үшін қолдануға таптырмайтын үлгі. Толық дәнекерленген блок-контейнер негізді ғимарат құрылысы– персонал мен жабдықты орналастырудың жайлы, берік және жедел нұсқасы.

Айрықша ерекшеліктері:

  • аса жоғары зауыттық дайындық деңгейі
  • жиһазбен және жабдықпен толық жиынтықталуы
  • аса қысқа монтаждау және пайдалануға беру мерзімдері
  • пайдалану сапаларын жоғалпай қоныс аудару
  • орындалуы: екі қабатқа дейінгі жеке тұрған немесе топтастырылған ғимараттар
  • мобильді ғимараттар: шассиге, алмалы-салмалы/ алынбайтын шаналарға орнату

Тұтас дәнекерленген блок-контейнерлердің стандартты типтік өлшемдері (ҰхЕхБ):

3×3×2,8 м
6×2,5×2,6* м
6×3×2,8 м
8×2,5×2,6* м
9×2,5×2,6* м
9×3×2,8 м
12×2,5×2,6* м
12×3×2,8 м
* жеткізілетін өнімнің автогабариттік өлшемдері арнайы рұқсатсыз тасымалдауға мүмкіндік береді

Сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерлер
Сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерлер әр түрлі жабдықтарды орнату үшін аса жиі пайдаланылады. Блок-контейнерлердің осы типі күшейтілген еден құрылымына ие және жоғары механикалық жүктемеге бейімделген. Сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерлер энергетикалық, экологиялық және т.б. жабдықты орнату үшін пайдаланылады. Сонымен қатар блок-контейнерлердің негізінде телекоммуникациялық және технологиялық модульдер жасалады.
Сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерлер тұрмыстық, тұрғын және әкімшілік ғимараттар ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Айрықша ерекшеліктері:

  • агрессивті орталарға жоғары төзімділік
  • ауыр салмақты жабдықты орнату мүмкіндігі
  • аса жоғары отқа төзімділік деңгейі
  • ішінде технологиялық жабдық орналасқан сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерлерді көшіру мүмкіндігі

Сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерлердің стандартты типтік мөлшемдері (ҰхЕхБ):

3×3×2,8 м
6×2,5×2,6* м
6×3×2,8 м
8×2,5×2,6* м
9×2,5×2,6* м
9×3×2,8 м
12×2,5×2,6* м
12×3×2,8 м
* жеткізілетін өнімнің автогабариттік өлшемдері арнайы рұқсатсыз тасымалдауға мүмкіндік береді

Шасси мен шанаға орнатылған вагон-үйлер (мобильді ғимараттар)
Вагон-үйлер– әр түрлі функционалдық арнауы бар мобильді ғимараттар. Вагон-үйлер уақытша орналасу және жұмысшылар мен мамандардың мобильді бригадаларын өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қолданылады. МеталПромЭкспорт компаниясы келесі орындаулардағы вагон-үйлерді жасайды: шассиге, алмалы-салмалы/ алынбайтын шанаға– орнатылған вагон-үйлер.

Вагон-үйлер авто және теміржол көлігімен тасымалдануы мүмкін. Өз бетімен жалпы қолданыстағы жолдар бойынша шассиге орнатылған мобильді ғимараттарды көшіру үшін жүк арту техникасы мен арнайы көлік талап етілмейді.

Шанаға орнатылған блок-контейнер – болат құбырынан жасалған арнайы шаналарға орнатылатын тұтас дәнекерленген блок-контейнер. Шанаға орнатылған блок-контейнерді тасымалдау авто және т/ж көлігімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Вагон-үйлердің айрықша ерекшеліктері:

  • жоғары мобильділік
  • толық зауыттық дайындығы бар және барлық қажетті жабдықпен жиынтықталуы
  • вагон-үй өз бетімен жалпы қолданыстағы жолдармен көшірілуі мүмкін
  • мобильді ғимараттар іргетастың орнатылуын қажет етпейді

Вагон-үйдің стандартты типтік өлшемдері (ҰхЕхБ):

6×2,5×3,9* м
6×3×3,9 м
6,6×2,5×3,9* м
8×2,5×3,9* м
8×2,8×3,9 м
9×2,5×3,9 *м
9×3×3,9 м
* жеткізілетін өнімнің автогабариттік өлшемдері арнайы рұқсатсыз тасымалдауға мүмкіндік береді

Әмбебап жүк (теңіз) контейнерлері негізіндегі ғимараттар
Аталмыш блок-контейнерлердің құрылымы теңіз арқылы тасымалдау контейнері негізінде жасалған, ол Тапсырыс берушінің тілегі бойынша ыңғайлы пайдалану үшін қосымша түрде жылытылады және соңына дейін жасалады. Блок-контейнерлердің осы типін тұрғын үй арнауындағы, сондай-ақ техникалық арнаудағы ғимараттарды салу үшін қолдануға болады.
Айрықша ерекшеліктері:

  • кез келген көлік түрлерімен тасымалдау
  • құрылымның шекті беріктігі, саңылаусыздығы және қаттылығы
  • басып кіруге аса жоғары қорғаныс дәрежесі қалыңдығы 3 мм кеңірдектенген болат табағынан жасалған сыртқы қаптама және металл есіктері/терезе қақпағы арқылы қамтамасыз етіледі.

Әмбебап жүк блок-контейнерлерінің стандартты типтік өлшемдері (ҰхЕхБ):

6,06×2,44×2,59 м
6,06×2,44×2,90 м
12,19×2,44×2,59 м
12,19×2,44×2,90 м

Құрама-жиылмалы блок-контейнерлер
Құрама-жиылмалы блок-контейнерлер негізінде жасалған ғимараттар әлеуметтік және тұрмыстық салада, жеке тұрған немесе топтастырылған күйде сәтті пайдаланылуы мүмкін.

  • аса төмен көлік шығындары
  • биіктігі 3 қабатқа дейінгі ғимараттарды салу мүмкіндігі

Құрама-жиылмалы блок-контейнерлердің стандартты типтік өлшемдері (ҰхЕхБ):

6×2,5×2,6 м
6×3×2,8 м

Блок-контейнерлер негізіндегі ғимараттардың артықшылықтары

Блок-контейнерлер негізіндегі модульдік ғимараттар келесі негізгі артықшылықтарға ие:

  • кез келген жыл мезгілінде монтаждау
  • қысқа мерзімде жасау (10 күннен бастап)және монтаждау/демонтаждау
  • -60-тан +55 °C-қа дейінгі температура аралығында ғимараттарды пайдалану
  • 9 баллға дейін сейсмикалық қауіпті аймақтарда ғимараттарды салу
  • пайдалану қасиеттерін жоғалтпай, ғимаратты демонтаждау және бірнеше мәрте қоныс аудару мүмкіндігі
  • кең функционалдық қолдану мүмкіндіктері
  • кез келген көлік түрімен тасымалдау мүмкіндігі.

Жеке тұрған және топтастырылған блок-контейнерлер келесі өлшемдер ескеріле отырып жасалады:

  • Тапсырыс берушінің тілегі;
  • ғимарат арнауы;
  • құрылыс өңірі;
  • құрылыс мерзімі;
  • пайдалану мерзімі;
  • қоныс аудару қажеттілігі
  • пайдалану орнына тасымалдау.

МеталПромЭкспорт компаниясы жобалау, тасымалдау және монтаждау жұмыстарын жүзеге асырады

  • МеталПромЭкспорт компаниясы Тапсырыс берушіге мерзімдер, технологиялар мен экономикалық пайдалылық бойынша оңтайлы ұсыныс бере отырып, үлгілік және жеке жоспарлық шешім әзірлейді.
  • Ғимаратты салу үшін қажетті блок-контейнерлер, жабдық пен материалдар құрылыс алаңына теміржол және автомобиль көлігімен жеткізіледі, қажет болғанда су және ауа көлігі пайдаланылады.
  • Ғимарат пен жабдықты монтаждау. Біздің компания құрылыс алаңына жеткізілетін блок-контейнерлер мен жабдықтардың аса жоғары зауыттық дайындық деңгейінде болуы есебінен ғимараттардың аса қысқа монтаждау мерзімдерімен қамтамасыз етеді, сонымен қатар іске қосу жұмыстарын жүзеге асырады.

"МеталПромЭкспорт" ЖШҚ техникалық санитарлық нормалар мен ережелермен белгіленген техникалық тапсырмаға сәйкес блок-контейнерлерін жасайды, біз өндіретін өнімдердің сәйкестілік сертификаты бар.

Толығырақ мәлімет алу және бағаны есептеу үшін +7 (4855) 290-800 тел. /факс бойынша мамандармен хабарласу немесе техникалық тапсырманы толтыру қажет.

Модульдік ғимараттарды монтаждау үшін дайындалған пайдалану орнындағы тұтас дәнекерленген  блок-контейнерлері

Цехтағы шассиге орнатылған вагон-үйлер

Вагон-үйдің жалғамалы кіреберісі

2,44х12,19х2,59 м габариттік өлшемдерімен жүк контейнері негізіндегі тұрғын ғимарат

Сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерлер негізіндегі техно-модульді автокөлікпен жеткізу

9х3х3 м габариттік өлшемдерімен блок-контейнерлер негізіндегі диспетчерлік бекетті т/ж платформасына арту

Мобильді ғимараттағы тұрғын бөлме

Тұтас дәнекерленген блок-контейнері негізіндегі ас бөлмесі

Тұтас дәнекерленген блок-контейнері негізіндегі тұрғындық арнаудағы модульдік ғимарат

2,5х12х2,6 м  габариттік өлшемдерімен 8 адамның тұруына арналған шанаға орнатылған мобильді ғимараттағы душ бөлмесі

Тұтас дәнекерленген блок-контейнері негізіндегі монша кешеніндегі бумен қыздырыну бөлмесі

8х2,5х2,6 м габариттік өлшемдерімен шассиге орнатылған вагон-үйдегі ас әзірлеуге арналған модуль

Тұтас дәнекерленген блок-контейнері негізіндегі киім ілу бөлмесі (киім кептіру орны) 8х2,5х2,6 м

Сэнвич-панельдер қолданылған  тұтас дәнекерленген блок-контейнері негізіндегі технологиялық арнаудағы ғимарат модулінің ішкі жайы



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru