ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Блок-контейнерлер


Модульдік ғимараттар

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ блок-контейнерлер мен құрама панельді құрылымдардың негізінде модульдік ғимараттарды өндіреді, жобалайды және салады. Өндірілген модульдік ғимараттар заманауи сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Біздің компаниямыз жылдам салынатын модульдік ғимараттардың құрылысын «сақадай сай» әдісімен жүзеге асырады, бұл кез келген шалғай аймақта орналасқан нысанда тұрғын немесе басқа да ғимараттарды, сондай-ақ сипаттамалары бойынша күрделі құрылыстардан кем түспейтін өндірістік арнаудағы құрылыстарды қысқа мерзімде салуға мүмкіндік береді.

Жылдам салынатын құрылыстың артықшылықтары

Модульдік ғимараттар– күрделі құрылыспен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие әр түрлі арнаудағы әмбебап жылдам салынатын құрылымдар:

  • нысанды салу құнының төмендігі
  • құрылыстың қысқа мерзімдерде жүзеге асырылуы
  • пайдалану сапаларын жоғалтпай, қоныс аудару мүмкіндігіне ие

Өндірушінің модульдік ғимараттарының арнауы:

  • Тұрғын, кеңселік-тұрмыстық, әкімшілік (жатақханалар, ӘТК, кеңселер, асханалар және т.б.)
  • Сауда және спорттық (дүкендер, сауда және спорт кешендері)
  • Санитарлық-гигиеналық (моншалар, моншалық-кір жуу кешендері, медпункттер, санитарлық тораптар, душ бөлмелері және т.б.)
  • Қоймалық, өндірістік және басқа да арнаудағы (БӨБ, күзет орындары, энергетикалық және экологиялық жабдықты орналастыруға арналған) ғимараттар

Жылдам салынатын модульдік құрылымдар мұнай және газ өндіру, сонымен қатар вахталық жұмыс жасау әдісі қолданылатын әр түрлі өндіріс салаларында қызмет ететін компаниялар арасында кең қолданысқа ие болды.

 

Жылдам салынатын ғимараттардың техникалық және құрылымдық ерекшеліктері

Тапсырыс берушінің тілегі бойынша модульдік ғимараттар қажетті сантехникамен, жиһазбен, талап етілетін жабдықпен қамтылады.

Құрама панельді құрылымдар мен блок-контейнерлер негізіндегі жеке тұрған немесе топтастырылған ғимараттарда барлық ішкі инженерлік желілер мен жүйелер орнатылуы мүмкін, соның ішінде: ыстық және суық сумен қамту, кәріз жүйесі, электрмен, сумен, бумен жылыту, электрмен қамту, жарықтандыру, желдету, ауаны баптау, өрт-күзет дабылы және өрт сөндіру жүйелері, байланыс желілері және тағы басқа.

Бірнеше блок-контейнерлерден тұратын және құрама панельді құрылымдардың негізіндегі кешендер полимерлік сыртқы қабаты немесе металл жабынқышы бар, мырышпен қапталған профильді табақтардан тұратын ортақ бір, екі немесе төрт құламалы жабыны бар, сонымен қатар ортақ жабынсыз екі немесе үш қабатты орындауда болуы мүмкін. Тапсырыс берушінің тілегін ескере отырып, модульдік ғимараттар үшін қосымша құрылымдық бөлшектер орнатылады: қалқалар, маңдайшалар,кіреберіс топтары, шыныланған тамбурлар және тағы басқа.

Модульдік ғимараттардың артықшылықтары:

  • функционалдылық
  • техникалық талаптардың қатаң сақталуы
  • кез келген ауданды және конфигурациялы ғимараттарды салу
  • кез келген географиялық-климаттық жағдайларда құрылыс салу
  • монтаждау жылдамдығы және қолданылатын жоғары зауыттық дайындығы бар құрылымның арқасында құрылыс жеделділігі
  • мобильділік –жаңа орынға жеңіл түрде қайта монтаждалады және орнатылады
  • әмбебаптылық –әр түрлі мақсатта және кез келген орындауда жасалады
  • қауіпсіздік– барлық өртке қарсы және санитарлық талаптарға сәйкес келеді, сонымен қатар сейсмикалық қауіпті аймақтарда орындалуы мүмкін (9 баллға дейін)
  • жайлылық– жылыту және желдету жүйесі, сантехника мен электр жабдығы бар, бұл аса қаһарлы климаттық жағдайларда тиімді жұмыс жасалуына көмек береді (-60- тан +65 °C-қа дейін)
  • жоғары қуат тиімділігі
  • модульдік ғимаратты салу кезінде күрделі іргетастың салынуы қажет етілмейді
  • күрделі бедерде монтаждау мүмкіндігі бар
  • сәулет және жоспарлық шешімдердің ауқымды мүмкіндіктері

Модульдік ғимараттарды салу үшін МеталПромЭкспорт компаниясы қызметтердің толық ауқымын ұсынады:

  • Біз Тапсырыс берушінің тілегі мен талаптарын, пайдалану орны мен функционалдық арнауын ескере отырып, модульдік ғимараттарды жобалауды жүзеге асырамыз. Біздің компания модульдік ғимараттарды салу саласындағы үлгілік жобалармен қатар, жеке шешімдер, қойылған міндеттерді орындау кезінде стандартты емес тәсілдемелер қолданады.
  • Өз өндірісінде блок-контейнерлер мен құрама панельді құрылымдарды жасау арқылы ұсынылатын өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді және пайдалану орнына орнату мерзімдерін қысқартады.
  • Жеке бірліктерді (блок-контейнерлерді) және құрама панельді құрылымдарды «транспак» бумасында тасымалдау автомобиль және теміржол көлігімен жүзеге асырылады, жекелеген жағдайларда су немесе ауа көлігі қолданылады.
  • Монтаждау және шефмонтаждау – МеталПромЭкспорт компаниясы жыл мезгілі мен сыртқы орта температурасына қарамастан ғимараттарды монтаждау жұмыстарын жүзеге асырады.

«МеталПромЭкспорт» ЖШҚ компаниясымен жұмыс жасау кезінде Тапсырыс берушінің талаптары ескеріліп, келісім-шарт бойынша өндіру және жеткізу мерзімдері сақтала отырып, модульдік ғимарат құрылысы қамтамасыз етіледі.

«МеталПромЭкспорт» ЖШҚ компаниясы ұсынылатын өнімнің өндірушісі бола тұрып, икемді баға саясаты мен әр Тапсырыс берушімен жеке тәсілдеме бойынша жұмыс жасалуын қамтамасыз етеді.

Өнім бойынша толығырақ ақпарат алу үшін kz@metalpromexport.com e-mail мекенжайына жазу немесе +7 (4855) 290-800 телефоны бойынша хабарласу не болмаса техникалық тапсырманы толтыру қажет.

Құрама панельді құрылымдардың негізіндегі модульдік ғимараттар

Құрама панельді құрылымдардың негізіндегі саунасы бар кір жуу орнының ғимараты

Әкімшілік-тұрмыстық және тұрғындық арнауындағы ғимараттар кешені

Әр түрлі қабатты модульдік ғимараттар: жатақхана мен асхана

Толық дәнекерленген блок-контейнерлер негізіндегі қоймалық арнаудағы ғимарат

Құрама панельді құрылымдардың негізіндегі модульдік ғимараттар

Модульдік ғимараттағы ас ішу бөлмесі

Құрама панельді құрылымдардың негізіндегі модульдік ғимараттағы тұрғын бөлме



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru