ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Энергетикалық және экологиялық жабдық


Өнеркәсіптік су дайындау және су тазарту жүйелері

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ компаниясы өнеркәсіптік су дайындау жүйелерін өндіреді және жеткізеді. Тәжірибелік атқарымдар мен теориялық базаның сәтті үйлесімінің арқасында, біз өзіміз өндірген жабдық мен қызметтердің толық тізбесін: жобалаудан бастап пайдалану орнында іске қосу жұмыстарын ұсынамыз. Біз ұсынатын жабдықтың барлық су тазарту кешендері, қондырғылары, су дайындау жүйелері нормативтік құжаттарға сәйкес жасалады.

МеталПромЭкспорт келесі арнаудағы су дайындау кешендерін жасайды: шаруашылық-тұрмыстық, технологиялық су (барлық өнеркәсіп салалары үшін) алу, суды тереңдете тазарту. Су дайындау жүйелері әр Тапсырыс беруші үшін келесі шарттарды ескере отырып, жеке әзірленеді:

  • су көзі (су құбыры, ұңғыма, ашық су қоймасы)
  • қажетті өнімділік
  • жабдықты орнату (әрекеттегі ғимаратқа, блок-контейнерге)
  • су талдамасы
  • су арнауы

Біздің компания өнімділігі 0,1-1 000 м3/сағат (10 000 м3/сағат дейін болуы мүмкін) жабдықты жасайды. Су дайындау жүйелерінің өнімділігі бекітілген МЕМСТ сай есептеледі.

Біздің су дайындау жүйелеріміз қолданылатын салалар:

  • ТКШ үшін су дайындау
  • коттедждер үшін су дайындау
  • вахталық кенттерді жабдықтау
  • ас өнеркәсібі
  • электронды өнеркәсіп
  • парфюмерлік өнеркәсіп
  • жылу энергетикасында
  • химия индустриясында және басқа да салаларда

Су дайындау кезінде қолданылатын сүзгілер мен әдістер

Сүзгілердің іс-әрекет қағидасы мен су дайындау жүйесінде атқаратын рөлі бойынша шартты түрде санаттарға бөлуге болады:

  • механикалық тазарту сүзгілері – ерімеген механикалық қосындыларды жояды
  • темірден тазарту және деманганациялау сүзгілері– суда еріген темір мен марганецтен тазартады
  • жұмсартқыш сүзгілер– судың кермектігін төмендетеді
  • сорбционды сүзгілер су татымын, иісін, түсін жояды
  • УК-шамдар бактериологиялық ластанулардан тазартады

Кері осмос жүйесі судағы барлық дерлік қосындыларды жоя отырып, судың аса тереңдетілген тазартылуын қамтамасыз етеді. Судан минералды тұздар немесе органикалық молекулалар секілді төмен молекулярлы ерітілген заттарды, сонымен қатар бактериялық ластануларды жояды. Кері осмос су ерітінділерін тұздан тазарту үдерістерінде (соның ішінде теңіз суын тұшыту кезінде), электрондық өнеркәсіп пен энергетика үшін аса таза орталарды алу үдерістерінде қолданылады.

Топтастырылған ғимараттағы өнімділігі  тәулігіне 14 м<sup>3</sup> құрайтын су дайындау станциясы

Сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерлердегі өнеркәсіптік су дайындау жүйесі. Екі модульдің біреуін жөнелтуге даярлау

Өнімділігі сағатына 8,075 м<sup>3</sup> құрайтын ас су нормасына дейін су дайындау жүйесі

Габариттік өлшемдері 4х2,4х2,6 м блок-контейнеріндегі су дайындауға арналған қондырғы

Ашық су қоймасының жанындағы блок-контейнерге орнатылған су дайындау станциясы

Су дайындау жүйесі орнатылған сэндвич-панельдер қолданылған блок-контейнерді жөнелту

Су дайындау кезінде қолданылатын әдістерді сызба түрінде келесі жолмен көрсетуге болады:

Біздің компания су дайындау жүйелері мен су сақтау сыйымдылықтарын мамандандырылған блок-контейнерлерде жеткізеді немесе әрекеттегі ғимаратты пайдалану орнында жабдықты монтаждайды. Блок-контейнерлік орындаудағы су дайындау жүйелерін сыртқы орта температурасының -50-ден +50 °С-қа дейінгі айтарлықтай кең ауқымында пайдалануға болады.

МеталПромЭкспорт компаниясы жасаған су дайындау жүйелері бірқатар артықшылықтарға ие:

  • жоғары су тазарту деңгейін қамтамасыз етеді
  • су дайындау жүйелері қолмен, сондай-ақ автоматты режімде басқарылуы мүмкін
  • қызмет көрсету үнемділігі мен қарапайымдылығы
  • жүйелердің ықшам габариттерімен қатар жоғары өнімділігі
  • тез өтелімділік

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ толық қызметтер тізбесін жүзеге асырады


МеталПромЭкспорт компаниясы жүзеге асыратын қызметтер тізбесіне су дайындау жүйелерін жасау, монтаждау және қызмет көрсету бойынша жұмыстар топтамасы кіреді, оның құрамына келесі жұмыс түрлері жатады:

  • нысанды зерттеу
  • су тазарту жабдығын іріктеу
  • техникалық тапсырмаға сәйкес су дайындау жүйелерін жиынтықтау
  • авто және т/ж көлігімен тасымалдау
  • монтаждау және іске қосу жұмыстарын жүргізу
  • келісім-шарттың қолдану мерзімінің аралығында ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету

Біздің компания күрделілігі әр түрлі жобаларды Тапсырыс берушінің талаптары мен жабдықтың пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, келісім-шарттық келісімдердің шеңберінде, оңтайлы қысқа мерзімдерде жүзеге асырады. Біздің мамандарымыз жоғары біліктілікке ие және нысандарда барлық жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсаттары бар. Сенімді компанияға хабарласу Тапсырыс берушіге уақыт шығындары мен қаражатты қысқартуға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпарат алу үшін және бағаны есептеу үшін мамандармен +7 (4855) 290-880 тел. /факс арқылы хабарласу қажет немесе техникалық тапсырманы толтыру керек.



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru