ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Вахталық кенттер


Вахталық кенттер

Вахталық кенттер құрама панельді құрылыстар мен блок-контейнерлер негізінде салынатын берік, әрі ыңғайлы модульдік ғимараттар; металл құрылыстарынан жасалған өндірістік және қоймалық жайлар; тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері – энергетикалық және экологиялық жабдық болып табылады.

Өнеркәсіптік және мұнай өндірісі көлемінің өсуімен қатар халқы аз және қол жетуі қиын аймақтарда вахталық жұмыс режімін ұйымдастырудың нақты қажеттілігі де арта түседі. «МеталПромЭкспорт» ЖШҚ компаниясы өндірген заманауи толық жиынтықты вахталық кенттер вахталық әдісті қолдана отырып жұмыс жасайтын кәсіпорындардың тиімді өндірістік қызметінің ажырымас бөлігі болып табылады. Салынатын вахталық кенттер шектелмеген адамдар санының тұруына және жұмыс жасауына арналған.

Жылдам салынатын қалашықтар кез келген географиялық (соның ішінде сейсмикалық қауіпті) және климаттық аудандарда салынады.

Вахталық кенттердің айқын артықшылықтары

  • 3 қабатқа дейінгі ғимараттар салынады, яғни шектеулі құрылыс алаңы тиімді пайдаланылады
  • Жайларды жеке жоспарлау– тұрғындар үшін ыңғайлы болуын қамтамасыз ету
  • Қолдану мақсатына байланысты жабдықтау– Тапсырыс берушінің тілегі мен қызметінің жағдайларын ескере отырып салу
  • Ғимараттың сыртқы келбеті – корпоративтік стиль мен RAL тізбесіне сай келетін түс гаммасы
  • Температураның кең ауқымы. Нысандар өте төмен теріс температура(-60 °С-дан жоғары) жағдайларымен қатар, жоғары оң температура (+65 °С дейін) жағдайларына да төзеді.
  • Ғимараттардың мобильділігі– елеулі зиян келтірмей, қоныс аудару
  • Құрылыс салу жылдамдығы – МеталПромЭкспорт өндірген құрама панельді құрылыстар мен блок-контейнерлер негізіндегі нысандар қысқа мерзім аралығында монтаждалады, себебі олар жоғары зауыттық дайындық деңгейінде жеткізіледі.
  • Экологиялық қауіпсіздік–вахталық кенттерді салу кезінде тек қана экологиялық тұрғыдан қауіпсіз материалдар қолданылады
  • Вахталық қалашықтар мен кенттердің құрылысы – Тапсырыс берушінің уақытын үнемдейді, себебі МеталПромЭкспорт компаниясы «сақадай сай» нысандарды салу әдісін қамтамасыз етеді

Вахталық кенттің жиынтықтылығы

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ компаниясы вахталық кент құрамын өзі өндіретін толық жиынтықты жылдам салынатын ғимараттар мен тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелерімен қалыптастырады.

  • Модульдік ғимараттар:
    - құрама панельді құрылыстардың негізінде. Ғимараттар әр түрлі арнауда жасалынады: әлеуметтік, тұрмыстық, гигиеналық және т.б. Айқын артықшылығына Тапсырыс беруші үшін ыңғайлы ішкі жоспарлаумен блок –контейнер негізінде үш қабатқа дейінгі ғимарат салу мүмкіндігі жатады. Салынған ғимараттар жеке тұрған немесе топтастырылған күйде болуы мүмкін: жатақханалар, ӘТК, асханалар, кеңселер, фельдшерлік бекеттер, моншалық-кір жуу кешендері, БӨБ және тағы басқа.

  • Мобильді ғимараттар (вагон-үйлер) – жоғары мобильділікке ие және алыс қашықтыққа көшіру үшін қолайлы болып келеді. Біз өндірген вагон-үйлер шассиге, алмалы-салмалы/алынбайтын шаналарға орнатылады.

  • Металл құрылымдары негізіндегі ғимараттар (ангарлар, цехтар, қоймалар және басқа да өндірістік ғимараттар, әкімшілік-тұрмыстық, спорттық кешендер, автосервистер және т.б.).

Жылы өткелмен байланыстырылған құрама панельді құрылымдардың негізіндегі модульдік ғимараттар

Құрама панельді құрылыстар мен блок-контейнерлер негізіндегі әр түрлі арнаудағы ғимараттардан тұратын вахталық кент

Тұрғын және технологиялық арнаудағы жеке тұрған және топтастырылған блок-контейнерлер негізінде 70 адамға арналған модульдік ғимараттардың кешені

Блок-контейнерлер негізіндегі модульдік ғимараттар кешені

Модульдік ғимараттар, жатақханалар негізіндегі вахталық кент

Вахталық кенттегі құрама панельді құрылыстар негізіндегі әкімшілік-тұрмыстық корпус

Технологиялық арнаудағы жеке тұрған блок-контейнерлер негізіндегі 70 адамға арналған модульдік ғимараттар кешені

  • Энергетикалық жабдық:
    - Қуаты 0,1-ден 40 МВт-қа дейінгі модульдік қазандықтар
    - Бірліктік қуаттылығы 30-дан 350 кВт-қа дейінгі газпіспекті электр станциялары (когенерациялық қондырғылар). Газпіспекті агрегаттардың қатар жұмысы ұйымдастырылуы мүмкін.
    - Қуаттылығы 30-дан 350 кВт-қа дейінгі дизельдік электр станциялары

  • Экологиялық жабдық:
    МеталПромЭкспорт бастапқы су талдамасын, шығатын судың сапасы мен талап етілетін өнімділік көлемін ескере отырып су дайындау жүйелерін, шаруашылық-тұрмыстық ағындарды тазарту жүйелерін жасайды.
    - Су дайындау станциялары сүзгілер мен сорғыш жабдықпен жиынтықталады, олар судың үздіксіз тазартылуын және түпкілікті тұтынушыға жеткізілуін қамтамасыз етеді.
    - МеталПромЭкспорт компаниясы жеткізетін шаруашылық ағындарды тазарту жүйелері Тапсырыс берушінің талаптары мен жабдықты пайдалану пайдалылығын ескере отырып жасалады.
    Мысал: 500 адамға есептелген вахталық кент үшін тәулігіне 100 м3 болжалды өнімділікке есептелген су дайындау кешені жасалады. Жабдықты орнату кезінде су тұтынудың ең жоғарғы (шекті) мөлшері және басқа да техникалық аспектілер ескеріледі. Шаруашылық-тұрмыстық ағындарды тазарту үшін орнатылған жүйелер жалпы алғанда тәулігіне осындай өнімділікті қамтамасыз етуі қажет. Вахталық кентті жабдықтау кезінде әр ғимарат үшін БКО БИО АС жеке орнатылады, немесе талап етілген өнімділігі бар биологиялық тазарту кешені (БТК) жасалады. Біздің компанияның мамандары талап етілетін жабдықты таңдап беріп, Тапсырыс берушінің туындаған сұрақтары бойынша кеңес береді.
    - Тапсырыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып, «МеталПромЭкспорт» ЖШҚ компаниясы вахталық кентте және жақын орналасқан аумақта пайдалану үшін өндірістік ағындарды тазарту жүйелерін жасайды.

Мамандандырылған блок-контейнерлерге жүйелерді орнату сыртқы ортаның -50-ден +50 °С-қа дейінгі температуралық ауқымында пайдалануға мүмкіндік береді.

Вахталық кенттің нобайлық жобасының мысалы


Құрамы: жатақханалар, әкімшілік-тұрмыстық корпус, кеңселік ғимараттар, асхана, моншалық-кір жуу кешені, БӨБ, кафе, дүкен

МеталПромЭкспорт сенімді компаниясына сенім артыңыз

Біздің компанияның негізгі бәсекелік артықшылықтары:

  • вахталық кенттердің құрылысына кешенді тәсілдеме қолдану, аталмыш тәсілдеме орындалған және ағымдағы жобаларда сәтті жүзеге асырылады
  • біз ұсынылатын өнімдердің өндірушісіміз

Вахталық кенттерді жобалау

МеталПромЭкспорт компаниясының мүкіншіліктері қысқа мерзімде қолданыстағы барлық талаптарға, техникалық тапсырмаға және Тапсырыс беруші қабылдаған корпоративтік стандарттарға сай келетін кез келген күрделілік дәрежесі бар және конфигурациялы вахталық кентті жобалауға мүмкіндік береді.

Тасымалдау

Жылдам салынатын ғимараттарды тағайындалған жерге жеткізу теміржол және автомобиль көлігі арқылы жүзеге асырылады. Біздің компания габариттік, сондай-ақ габариттік емес жүктің әзірленген сызбаларға сай артылуын және тасымалдануын қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда, тасымалдау кезінде су және ауа көлігі пайдаланылуы мүмкін.

Монтаждау және шефмонтаждау

МеталПромЭкспорт компаниясы салынатын нысандарды монтаждау және келісім-шарттық келісімдерге сай орнатылатын жабдықты іске қосу жұмыстарын жүзеге асырады.

«МеталПромЭкспорт» ЖШҚ нобайлық жобаны, ғимаратты, құрылысты, электр станциясын, қазандықтарды, тазарту құрылыстары мен су дайындау жүйелерін жасау мен монтаждаудан бастап, жиһаз бен барлық қажетті жабдықпен жиынтықтаумен аяқталатын жұмыстардың толық ауқымын өзі орындайды.

Не себепті МеталПромЭкспорт компаниясын таңдаған жөн

  • Бәсекелік бағалар бойынша ұсынылатын өнімдер арасында кең ауқымды таңдау мүмкіндігі
  • Нақты пайдалану шарттарына есептелген өнімді алу
  • Жоғары сапалы өнім
  • Оңтайлы жеткізу мерзімдері

Біз Тапсырыс берушінің қажеттіліктері мен аумақтың барлық ерекшеліктерін ескере отырып, аса жаңа технологияларды қолданумен аса қысқа мерзімдерде вахталық кенттерді саламыз. Сенімді компаниямен жұмыс істей отырып, Сізге жобаны іске асыру үшін бірнеше жобалаушыларды, мердігерлерді және жеткізушілерді тарту қажеттілігі туындамайды. Барлық мәселелерді бір компанияның мамандары арқылы шешу арқылы, Сіз өз күшіңіз бен қаражатыңызды үнемдейсіз!

Қызметтестікті бастау үшін ТТ толтыру немесе + (727) 2-777-085, +7 915 970 08-96 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru