ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Құрамалы панельді құрылмалар


Құрамалы панельді құрылмалар

Құрамалы панельді құрылмалардың негізіндегі модульдік ғимараттардың құрылысы көптеген бизнес-жобалардың ажырамас бөлігіне айналды. “МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ компаниясы әртүрлі мақсаттағы келесі модульдік ғимараттарды жеткізеді: жатақханалар, әкімшілік-тұрмыстық кешендер, асханалар, кеңселік ғимараттар және т.с.с. Компания, жобаларды іске асыра отырып, оларды дайындау, жеткізу және монтаждау бойынша қызметтердің толық кешенін жүзеге асырады.Құрамалы панельді құрылмалардың негізіндегі ғимараттар Тапсырысшының қалауынша қажетті жиһазбен, жабдықтармен, инженерлік желілермен және басқа да жабдықтармен толымдалады.

Құрамалы панельді құрылмалардың негізінде тұрғызылған ғимараттардың артықшылықтары

  • осы технологияны қолданған кезде, үш қабатқа дейін жететін ғимараттарды салуға болады. Соның арқасында, қолда бар аудандарды оңтайлы түрде қолдануға мүмкіндік беріледі.
  • құрылыс орнындағы климаттық жағдайларға байланысты болмайтын жылдам монтаж
  • ғимараттардың элементтері өзіндік өндірісте дайындалады және таңбаланады, соның арқасында, құрастыру үдерісін қысқартуға мүмкіндік беріледі
  • орынжайлардың ішіндегі төбелердің биіктігі 3 метрге дейін жете алады
  • жеңіл тиелген іргетас талап етіледі
  • “транспак“ қаптамасы, тасымалдауға кететін шығынды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді
  • сейсмикалық тұрақтылығы 9 балға дейін жетеді, соның арқасында, ғимараттарды кез келген аумақтарда тұрғыза беруге болады
  • кепілдік берілген пайдалану мерзімі - кемінде 15 жыл

Құрамалы панельді құрылмалардың негізіндегі ғимараттардың конструктиві

Құрамалы панельді құрылмалардың негізінде тез тұрғызылатын модульдік ғимараттардың құрамы:

  • негіздеме панельдері
  • қабырға панельдері
  • төсем панельдері
  • жабын панельдері
  • қабат аралық тіреулер

Құрылымдық элементтер бір-бірімен бұрандалы қосылыстардың көмегімен бекітіледі. Түзілетін көлемді құрылма ғимаратты талап етілетін беріктік қасиеттерімен қамтамасыз етеді.

Сыртқы қабырғалар

Сэндвич-панельдерді ғимараттардың сыртқы қабырғаларын қоршауға арналған материал ретінде қолданудың арқасында "салқындық көпірлерінің" туындауын болдырмау мүмкіндігі беріледі, бұл болса – төмен температуралар басым болып келетін солтүстіктегі өңірлер үшін құрылыс жағдайларында барынша маңызды критерий болып саналады. Панельдердің жіктері герметикаланып, полимерлі қабаты бар мырышталған қабаттан жасалған фасондық элементтермен әрленеді.

Сэндвич-панельдерде қолданылатын жылудан оқшаулайтын материалдың түрленбелі қалыңдығы, жылулық қасиеттерді реттеуге мүмкіндік береді де, осылайша, -65 °С-ден +60 °С-ге дейінгі сыртқы орта температурасы ауқымындағы климаттық аймақтарда ғимараттарды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ішкі арақабырғалар

Мырышталған профильдерді қолданудың арқасында, атқарымдық мақсатына қарай кез келген пішіндегі орынжайды қалыптастыруға мүмкіндік беріледі. Шудан оқшаулаушы ретінде, ішкі арақабырғаларда төселетін акустикалық минерал-мақта жылытқышы қолданылады.

Төбе

Төбе бүйірлік және аралық металл жартылай фермасынан, металл арқалықтарынан, қиғаштап қойылған тіректерден, төбе жабындысы төсенішінен дайындалады. Төбе жабындысы, полимерлі қабаты бар мырышталған, профильденген қаңылтырдан немесе метал жабынқышынан орындалған екі немесе төрт суағарлы бола алады. Қажет болса, шатыр асты кеңістігінде, орамдық минерал-мақта жылытқышынан дайындалған қосымша жылытқыш қолданыла алады.

Тасымалдау

Ғимараттар құрылыс орнына дейін көліктің кез келген түрімен жеткізіледі.

Көлікті таңдау мүмкіндігі, құрылыс орнының алшақтығына және қатынас жолдарының болуына сүйене отырып анықталады:

  • автокөлік – өзіндік автопарк бар, сондай-ақ ірі логистикалық компаниялармен де жұмыс істейміз
  • т/ж көлігі – өзіндік кірме жолдар бар
  • су немесе ауа көлігі – құрылыс аумағында автокөлік немесе теміржол қатынасы болмаған жағдайда
  • зауыттың аумағынан өз күшімен алып кетуге болады

Негіздеме, жабын және төсем панельдері “транспак“ арнайы тасымалдау пакеттерінде жеткізіледі. Металдан жасалған құрылымдық элементтер (өзі көтеруші тіреулер, жиектемелер, фермалар, арқалықтар, кіре беріс, күнқағарлар, баспалдақтар) қалыптастырылған көлік пакеттерінің ішінде жартылай вагондарда немесе жүк контейнерлерінде тасымалданады.

Монтаждау

МеталПромЭкспорт компаниясының монтаждық бригадалары құрамалы панельді құрылмалардың негізінде тез тұрғызылатын ғимараттарды салу бағытында үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Олар құрылыс алаңшасындағы шарттарға қарамастан, жұмысты тез арада және сапалы түрде орындайды.

Монтаж кезеңдері:

  • негіздеме панельдері орнатылады
  • қабырға панельдері, жабын панельдері, бұрыштық тіреулер және төсем панельдері монтаждалады
  • төбе жабындысы тұрғызылады
  • ішкі баспалдақтар монтаждалады
  • қолданылатын панельдер жылытылады және олардың жіктерді герметикаланады
  • ішкі арақабырғалар тұрғызылады
  • ішкі әрленім жасалады
  • инженерлік желілер (канализация, су құбыры, желдету жүйесі, жылыту жүйесі, электрлік жабдықтар, жарықтандыру және әлсіз тоқ желілері) монтаждалады

Біз аумақтың барлық ерекшеліктерін және Тапсырысшының қажеттіліктерін ескере отырып, ең жаңа технологияларды қолдана отырып, ең қысқа мерзімнің ішінде құрамалы панельді құрылмалардың негізінде модульдік ғимараттарды тұрғызамыз. Сенімді компаниямен жұмыс істей отырып, сізге жобаны іске асыру мақсатында нысандарды салатын бөгде ұйымдарды тартудың қажеті жоқ болады.

Ынтымақтастық орнату үшін ТТ-ны толтыру немесе +7 (4855) 290-809 телефоны арқылы қоңырау шалу керек

Құрамалы панельді құрылмалардың негізіндегі екі қабатты модульдік ғимарат

Әкімшілік-тұрмыстық корпустың модульдік ғимараты, көлемі 27,16х15,41 м

Асханасы бар әкімшілік-тұрмыстық кешен, көлемі 33,2х14,04 м

Құрамалы панельді құрылмалардың негізіндегі әкімшілік-тұрмыстық модульдік ғимарат

Модульдік ғимарат: екі қабатты кеңсе, көлемі 14,04х21,12 м

Құрамалы панельді құрылмалардың негізіндегі жатақхананың модульдік ғимаратында бір адамға арналған тұрғын бөлме

Құрамалы панельді құрылмалардың негізіндегі әкімшілік-тұрмыстық кешеннің кеңселік орынжайы

Модульдік жатақханадағы ас қабылдау бөлмесі

Асханасы бар модульдік жатақханада өнеркәсіптік жабдығы орнатылған ас дайындау цехы

100 адамға арналған жатақханадағы гигиена бөлмесі. Құрамалы панельді құрылмалардың негізіндегі модульдік ғимарат, көлемі 106х14 м

Киім ілетін шкафтар орнатылған модульдік ғимараттағы гардероб бөлмесі

Асханасы бар ӘТК-нің модульдік ғимаратындағы холл

Модульдің ғимараттың қабырғаларын – криплатпен, еденін – керамикалық плитамен әрлеу

Қабырға панельдерін “транспак“ қаптамасында тасымалдау

“Транспак“ қаптамасындағы негіздеме панельдерін, төсем панельдерін және жабын панельдерін автокөліктің көмегімен құрылыс орнына жеткізу

“Транспак“ қаптамасындағы негіздеме панельдерін, төсем панельдерін және жабын панельдерін кемежайда тиеу



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru