ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Энергетикалық және экологиялық жабдық


Блок-модульдік қазандықтар

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ мамандануының бірі пайдалану орнында жабдықты монтаждау және іске қосу жұмыстарын өткізе отырып, блок-модульдік қазандықтарды жобалау және жасау болып табылады. Біз қуаттылығы 0,1-ден 40 МВт-қа дейінгі модульдік қазандықтарды жасаймыз.

Бүгінгі күні жеке блок-модульдік қазандықты қолдану– бұл жылумен қамту мәселелерінің аса келешегі зор шешімі болып табылады. Жеке жылу өндірісін ұйымдастыру жылу жолдарын пайдалану шығындарын азайту, тұтынушыға тасымалдау кезінде жылу мен жылу жеткізгіш шығынын төмендету, нақты жағдайларға сәйкес қазандықтың жылулық қуаттылығын жедел реттеу арқылы қуат ресурстарына кететін шығындарды анағұрлым қысқарту мүмкіндігін береді.

Модульдік қазандықтардың қолданылу аясы


Модульдік қазандықтар төмендегі әлеуметтік нысандар мен өндірістік жайларды жылумен, ыстық сумен және бумен қамту үшін қолданылады:

  • Оқу орындарын
  • Ауруханаларды
  • Шипажайларды
  • Әкімшілік ғимараттарды
  • Тұрғын үйлерді (коттедждер мен көппәтерлі үйлерді)
  • Вахталық кенттерді
  • Өндірістік цехтар мен корпустарды
  • Зауыттарды
  • Комбинаттарды

МеталПромЭкспорт өндірген блок-модульдік қазандықтар


Модульдік су жылыту қазандықтары толық зауыттық дайындықта жеткізілетін пайдалануға дайын модульдер болып табылады. Қазандықтарда технологиялық жабдық, электр жабдығының қауіпсіздік автоматикасы, су дайындау қондырғысы мен басқа да қажетті жабдық монтаждалады. Блок-модульдік су жылыту қазандықтары ТКШ нысандары мен өндірістік нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін аса жиі қолданылады.

Модульдік бу қазандықтары әр түрлі қысымды мен температуралы буды алуға арналған. Бу қазандықтары заманауи жабдықпен жиынтықталады және барлық басқару, бақылау және қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Бу қазандықтары әр түрлі салаларда қолданылады: халық шаруашылығында, ас өнеркәсібінде, жылу энергетикасында және т.б.

Жылжымалы модульдік қазандықтар


Апатты жағдайларда (жылу жолдарындағы мұзды еріту, әрекеттегі қазандыққа отынды жеткізу үдерісі тоқтаған кезде және басқа да апатты жағдайларда) және стационарлық қазандықтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін шассиге (шанаға) орнатылатын қуаттылығы 100 кВт-тан 2 МВт-қа дейінгі жылжымалы модульдік қазандықтар қолданылады. Қазандықты апат орнына тез арада жеткізу шассиге (шанаға) орнату есебінен жүзеге асырылады. Қосу 3 сағат аралығында іске асырылады, ал су жинау ашық су қоймаларынан жүзеге асырылады. Қазандық дизельдік электр станциясымен жиынтықталғандықтан, толық автономды күйде болады.

Қолданылатын отын түрі бойынша модульдік қазандықтар


  • Қатты отынды қазандықтар – көмір, ағаш, ағашты қайта өңдеу қалдықтары, пеллеттер секілді қатты отын түрлері арқылы жұмыс жасайды. Қазандықтардың артықшылықтары– отынның қолжетімділігі және төмен бағасы, пайдалану қарапайымдылығы, негізгі отын түрлері болмаған жағдайда, балама отын түрі арқылы жұмыс істей алады
  • Газды қазандықтар – табиғи, ілеспе мұнай газы және шахталық метан. Айрықша ерекшелігіне қоршаған ортаға түсетін ластаушы заттар шығарылымының аса төмен деңгейі жатады.
  • Дизельдік қазандықтар – солярка, мазут, мұнай өнімдері. Бірқатар артықшылықтарға ие: автономды қазандықтар және жылжымалы (шассиге, шанаға орнатылған), мобильді орындау нұсқалары пайдаланылуы мүмкін.
  • Газ-дизельдік қазандықтар – табиғи газ бен дизельдік отында әрекет етеді. Табиғи газ болмаған жағдайда немесе жеткізу іркілістері кезінде қолжетімді дизельдік отын пайдаланылуы мүмкін.

Біз өндіретін модульдік қазандықтардың артықшылықтары


  • жылу жолдарын пайдалануға кететін шығындарды азайту есебінен алынатын жылу қуатының төмен өзіндік құны
  • -50-ден +50 °С-қа дейінгі температурада пайдалану мүмкіндігі
  • қазандықтарды толық немесе жартылай автоматтандыру
  • блок-модульдерді демонтаждау ыңғайлылығының арқасында қазандықтардың мобильділігі
  • қысқа мерзімде қазандықты жасау, жеткізу, монтаждау, іске қосу және пайдалануға беру жұмыстарының жүзеге асырылуы
  • шассиге, алмалы-салмалы- немесе алынбайтын шаналарға орнату мүмкіндігі

Тасымалдау


Жабдық және коммуникация модульдерінде орналастырылған қазандықты монтаждау орнына жеткізу т/ж платформалары немесе автомобиль көлігімен демонтаждаусыз жүзеге асырылады. Біз модульдік қазандықтарды арту сызбалары мен тасымалдау кезінде габариттік емес жүкті тасымалдауға рұқсаттарды әзірлейміз және тиісті органдардың келісімін аламыз.

Блок-модульдік қазандықтарды «сақадай сай» күйінде жеткізу


«МеталПромЭкспорт» ЖШҚ өндірген блок-модульдік қазандықтар пайдалануға толық даяр модульдер болып табылады, олардың ішінде қосалқы және қазандық жабдығы, инженерлік желілер, күзет-өрт дабыл беру жүйесі, өрт туралы дабылды орталық диспетчерлік пультке шығару мүмкіндігі бар өрт сөндіру жүйесі, қосымша орындар (оператор пульті, санитарлық торап, душ бөлмесі) жобаланып, монтаждалуы мүмкін (Тапсырыс берушінің талабына сәйкес).

Қазандық саны мен қазандықтың белгіленген қуаттылығына байланысты, оны жиынтықтау бір тұтас ғимаратқа бұрандалы байланыс арқылы пайдалану орнында монтаждалатын бір немесе бірнеше блок-контейнерлерде (блок-модульдік) жүзеге асырылуы мүмкін. Модульдердің саны қазандық қуатымен анықталады. Тапсырыс берушінің талабы бойынша қазандықтар түтін құбырларымен және басқа да талап етілетін жабдықпен жиынтықталады.

“МеталПромЭкспорт” ЖШҚ қазандықтары қолданыстағы МЕМСТ сай жасалады, пайдалануға қауіпсіз, сәйкестік сертификатына ие. Модульдік қазандықтардың бағасын есептеу үшін техникалық тапсырманы толтыру немесе тел./факс: +7 (4855) 290-859, e-mail: kz@metalpromexport.com арқылы Сізге қызықты сұрақтарға жауап беретін менеджермен хабарласу қажет.

Қуаттылығы 4,85 МВт газ қазандығы

Қуаттылығы 4,85 МВт газ қазандығы

Дизельдік қазандық 0,7 МВт

Қуаттылығы 4,6 МВт табиғи газда жұмыс істейтін блок-модульдік қазандық

Қуаттылығы 4,8 МВт көмір қазандығы

Сағатына 2 тонна бу шығаратын өнімділігі бар газ қазандығындағы диоратор

Қазандықтың басқару бақылағышы

Жылжымалы қазандық

Т/ж платформасында газ қазандығын тасымалдау



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru