ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Энергетикалық және экологиялық жабдық


Дизельдік электр станциялары

"МеталПромЭкспорт" ЖШҚ компаниясы негізгі және резервтік қуат көзі ретінде электр қуатын алуға арналған өзі өндірген дизельдік электр станцияларын сатады.

Қуаттылығы 30 кВт-дан 350 кВт-қа дейінгі МеталПромЭкспорт өндірген дизельдік электр станциялары автономды электр қуат көзі болып табылады және жекелеген ғимараттар мен кешендерді (вахталық кенттер, құрылыс учаскелері, коттедждер, ӘТК) электрмен қамту үшін, сондай-ақ негізгі электр станцияларында апат орын алған жағдайда, кәсіпорындар, әкімшілік және тұрғын нысандарында резервтік қуат көзі ретінде пайдаланылады.

МеталПромЭкспорт өндірген дизельдік электр станцияларының артықшылықтары

  • электрмен қамтуға қатысты іркілістердің орын алуын ескертуге мүмкіндік береді
  • нысан алыс орналасқан жағдайда электр беріліс желілерін монтаждау талап етілмейді
  • көлемді моторесурсқа ие
  • қолжетімділік – бірлік қуаттылығы 30 кВт-тан 350 кВт –қа дейінгі модельдердің кең ауқымы қолда бар
  • жылжымалы электр станцияларының мобильділігі

Дизельдік электр станцияларын орындау нұсқалары

  • Электр станциялары стационарлық (жақтауда) орындауда шығарылады
  • Модульдік орындауда (қақпақ астында, шассиге, шанаға орнатылған блок-контейнерінде).

Мамандандырылған блок-контейнеріндегі дизельдік электр станциялары

Дизельдік электр станцияларын ұзындығы 4,0 (6,0) м ені 2,5 (2,7) м, биіктігі 2,6 м үлгілік габариттік өлшемдерге ие жылу өткізбейтін блок-контейнеріне орнату оны қысыл-таяң климаттық жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. Тапсырыс берушінің тілегі бойынша блок-контейнерлердің габариттік өлшемдері өзгертілуі мүмкін. Қолданылатын мамандандырылған блок-контейнерлері жылыту жүйесімен, күзет-өрт дабылымен, өрт сөндіру және апат туралы хабарландыру жүйесімен жабдықталған. Блок-контейнерге қосымша түрде дизельдік отынды сақтау үшін талап етілетін көлемді резервтік сыйымдылықтар орнатылуы мүмкін.

Дизельдік электр станцияларын орналастыруға арналған блок-контейнерлерінде қалыңдығы 100 мм дейінгі қабырғалық сэндвич-панельдері бар қатты қуатты металл қаңқасы болады, жылу өткізбейтін материал ретінде плиталық минералды мақта қолданылады. Құрылымда технологиялық ойықтар, тірек құрылымдары, бекіткіш/орнату бөлшектері қарастырылған. Оны жасау үшін жанбайтын материалдар үшін қолданылады.

Жылжымалы дизельдік электр станциялары

Контейнерлік орындауда және қақпақ астында жасалатын, МеталПромЭкспорт өндіретін жылжымалы электр станциялары ұзақ қызмет ету мерзімі мен жоғары шуыл өткізбеу қасиетіне ие. Мобильді дизельдік электр станцияларын орналастыру үшін арнайы орын мен жобалық құжаттама талап етімейді, монтаждау бойынша күрделі жұмыстар орындалмайды. Жылжымалы дизельдік электр станциялары жиі орын ауыстыру талап етілетін құрылыс пен төтенше жағдайларда таптырпайтын үлгі болып табылады.











"МеталПромЭкспорт" ЖШҚ аса қысқа мерзімде дизельдік электр станцияларының жеткізілуін, жұмыстардың басталуын және пайдалануға берілуін қамтамасыз етеді.



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru