ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Энергетикалық және экологиялық жабдық


Газпіспекті электр станциялары

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ өндірген газпіспекті электр станциялары— әмбебап электр қуат көздері. МеталПромЭкспорт өндірген газпіспекті электр станциялары арзан электр қуаты бар жеке өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оңтайлы амал болып табылады.

Газпіспекті элекр станцияларын қолдану кезінде электр қуат өндірісі, оның берілісі мен тұтыну тікелей Сіздің кәсіпорныңыз орналасқан аумақта жүзеге асырылады. Осындай заманауи тәсілдеме электр қуатының құнын анағұрлым төмендетеді, бұл өнімнің төмен өзіндік құнына және Сіздің өндірісіңіздің пайдалылығының артуына оң әсерін тигізеді.

МеталПромЭкспорт өнімдері сіздің қуатқа деген тәуелділігіңізді қамтамасыз етеді – газпіспекті электр станциялары электр қуатын өндіруге арналған жеке қуат көзі болып табылады.

Электр және жылу қуатын алу үшін біз өндіретін когенерациялық қондырғыларды қолдану аса тиімді, әрі пайдалы шешім болып табылады.

“МеталПромЭспорт“ ЖШҚ компаниясы өндірген газпіспекті электр станциялары:

  • 30 кВт-тан 350 кВт-қа дейінгі қуат ауқымы
  • Газпіспекті электр станциялары өндіретін электр қуаты кұнының төмендігі
  • қызмет көрсету және пайдалану қарапайымдылығы
  • Газпіспекті электр станциялары стационарлық (жақтауда) және блок-модульдік орындауда жасалады
  • Қысқа өндіріс мерзімдері
  • Газпіспекті қондырғыларды күрделі ауа-райы жағдайларында пайдалануға болады
  • Тапсырыс берушінің тілегі бойынша диспетчерлік бекеттегі жұмысты қадағалау және іске қосу автоматттандырылған үдерісі
  • Электронды қорғаныс жүйелері агрегаттың қауіпсіз жұмысының кепілдігі болып табылады
  • Электр беріліс желілерін (ЭБЖ) монтаждау қажеттілігі туындамайды
  • Отын ретінде ілеспе мұнай газ (ІМГ), шахталық метан, магистральдық және табиғи газ, биогаз, пропанбутанды қоспа қолданылады
  • ІМГ компоненттік құрамын ескере отырып газпіспекті электр станцияларын жеке әзірлеу

 

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ компаниясы кепілдікті және сервистік қызмет түрлерін көрсетеді. МеталПромЭкспорт газпіспекті электр станцияларының сәйкестілік туралы Декларациясы мен ТЖМ рұқсат қағаздары бар.

Газпіспекті электр станцияларын қолдану

Өнеркәсіп аясында газпіспекті электр станциялары ірі зауыттар немесе елді мекендері үшін электр қуат көзі болып табылады және негізгі немесе резервтік қуатпен қамту көзі ретінде қолданылуы мүмкін.

Газпіспекті электр станциялары электрмен қамту үшін белсенді қолданылады:

  • Мұнай-газ өнеркәсібінде (бұрғылау платформалары мен ұңғымаларда)
  • Әлеуметтік- қоғамдық салада (медициналық мекемелерде, тазарту құрылыстарында, әуежайларда, сауда ойын-сауықтыру орталықтарында, спорттық-сауықтыру кешендерінде және т.б.)
  • Көлік инфрақұрылымында
  • Тұрғын-коммуналдық шаруашылық саласында

Газпіспекті электр станциялары электр қуатын өндіру үшін басқа да салаларда орталықтандырылған қуатпен қамту жүйелерімен бірге немесе автономды қуат көзі ретінде пайдаланылады.

Газпіспекті электр станцияларын синхрондау

Қажет болған жағдайда, бірнеше газпіспекті электр станциялары өзара синхрондалуы мүмкін, бұл қажетті қуат деңгейіне қол жеткізуге және тең мөлшерде жүктемені үлестіруге мүмкіндік береді. Электр станциясын орталықтандырылған желілерге қосу есебінен жұмыс іркіліссіз жалғасады.

  • Газпіспекті электр станцияларының жалғыз жұмыс жасауы қосымша жабдық қолданбай, стандартты қолдануды білдіреді, шығарылатын агрегаттар резервтік немесе тұрақты қуат көзі ретінде қызмет етеді. Газпіспекті электр станциялары номиналды қуаттан аспайтын белгілі бір жүктемеге жұмыс жасайды.
  • Газпіспекті электр станцияларының желімен қатар жұмыс жасауы – электр станциясының әрекеттегі электр желісіне, жүктемемен қатар немесе жеке жұмыс жасауы. Газпіспекті агрегаттардың орталықтандырылған желімен қатар жұмысы нысандағы электр қамтудың іркіліссіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
  • Қуатты сақтау режімінде электр станциялардың қатар жұмыс жасауы– қажет болған жағдайда әр түрлі номиналды қуаты бар газпіспекті қондырғылар синхрондалады. Бұл шығу кезінде талап етілетін қуатты алуға және жүктемені өзгертіп отыруға мүмкіндік береді.

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ компаниясы

  • РФ және таяу шетел аумағында қуат қондырғыларын жеткізу және пайдалануға беру тәжірибесіне ие.
  • Елеулі өндірістік алаңдары, заманауи жабдығы, білікті қызметкерлер штаты бар
  • Тапсырыс берушінің талабы бойынша МеталПромЭкспорт мамандары «сақадай сай» монтаждау және іске қосу жұмыстарын орындап, сонымен қатар электр станцияларына одан әрі қызмет көрсету үшін персоналды оқытады.

МеталПромЭкспорт компаниясы қарқынды даму үстіндегі кәсіпорын және газпіспекті электр станциялары өндірісі саласында көшбасшылардың бірі болып табылады.

Газопоршневая электростанция

Газопоршневая электростанция

Газопоршневая электростанция

Газопоршневая электростанция

Газопоршневая электростанция



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru