ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Энергетикалық және экологиялық жабдық


Когенерациялық қондырғылар

МеталПромЭкспорт ЖШҚ өндірген газпіспекті элекр станциясы негізіндегі когенерациялық қондырғы электр мен жылу қуатын бір мезгілде өндіруге арналған. Когенерациялық қондырғының негізгі арнауы— тұтынушыны электр қуатымен қамту, ал үдеріс барысында сәтті өндірілетін жылу жылыту және ыстық сумен қамту үшін қолданылуы мүмкін. Газпіспекті электр станциялары негізіндегі когенерациялық қондырғылар үшін отын ретінде табиғи және кокс газы, биогаз, ілеспе мұнай газы (ІМГ) және т.б. қолданылуы мүмкін.

Газпіспекті когенерациялық қондырғылардың қолданылу аясы

Когенерациялық қондырғылардың кең қуат ауқымының арқасында, өндірістік және тұрмыстық арнаудағы әр түрлі секторларда қолданылу аясы кеңеюде:

  • мұнай кен орындарында
  • зауыттарда және өндірістік кәсіпорындарда
  • сауда ойын-сауық орталықтарында
  • спорттық-сауықтыру кешендерінде
  • ТКШ-да
  • медициналық мекемелерде
  • қоғамдық-әлеуметтік нысандарының жылумен қамту жүйелерінде
  • электр қуатымен және жылумен қамту талап етілетін басқа да салаларда

 

Когенерациялық қондырғыларды қолдану арқылы келесі артықшылықтар қамтамасыз етіледі:

  • ПӘК 40-тан 90%-ға артуы
  • пайдаланылатын отынға кететін шығынның азайтылуы, себебі ол электр және жылу қуатын алу үшін қолданылады
  • атмосфераға шығарылатын зиянды заттар шығарылымының азайтылуы
  • үздіксіз электр қуат көзі және тұрақты өлшемдермен жылу қуат алу
  • орталықтандырылған электр және жылумен қамтуға тәуелділіктің төмендеуі

 

Жылуны кәдеге жарату жүйесі: іс-әрекет қағидасы және сызбасы

Когенерация үдерісі газпіспекті электр станциясы мен жылуны кәдеге жарату жүйесінен тұратын агрегат арқылы жүзеге асырылады. Когенерациялық қондырғы 4 негізгі тораптан: іштен жанатын қозғалтқыштан, электр генераторынан, жылуны кәдеге жарату жүйесі (ЖКЖ) және басқару жүйесінен тұрады.

Когенерациялық қондырғы: іс-әрекет қағидасы.

1. Піспекті газ электрстансасы 3. Жылуды шығару радиаторы
2. Кәдеге жарату қазаны 4. Дыбыс бәсеңдеткіш

Жылуды кәдеге жарату жүйесінің жұмысы піспекті газ генераторының пайдаланылған газдарының жылу энергиясын пайдалануға негізделеді.

Желідегі судың когенерациялық қондырғының жылуын кәдеге жарату жүйесі арқылы қозғалу циклі: сұйық жылу тасымалдағыш (желідегі су) когенерациялық қондырғының кәдеге жарату қазанына бағытталады. Піспекті газ генераторының қозғалтқышынан бөлінетін пайдаланылған газдар кәдеге жарату қазанының қаптамалы-құбырлы жылу алмастырғышы арқылы өтеді. Кәдеге жарату қазанында пайдаланылған газдардың жылу энергиясының тұтынушының сұйық жылу тасымалдағышына (суға) ауысу жүреді. Одан соң жылу тасымалдағыш тұтынушының жылту жүйесіне жеткізіліп, сол жердің оның энергиясы тұтынушының мұқтажын қамтамасыз етеді. Жылу қуатын тұтынушының мұқтажына беру тап осында жүзеге асырылатын болғандықтан, осы цикл негізгі болып табылады.

Салқындатқыш сұйықтықтың (~тосол) қозғалыс циклі: Піспекті газ генераторының ішкі жану қозғалтқышының жұмысы кезінде салқындатқыш сұйықтық белгілі температура шегіне (~90 °С) жетеді. Сол кезде термостат салқындатқыш сұйықтықты жылуды шығару радиаторына бағыттайды. Радиаторда ауа ағыны артық жылуды өзіне қабылдап, атмосфераға шығарады.

Газпіспекті электр станцияларына арналған когенерациялық қондырғылардың сипаттамасы:

Атауы Электр қуаты, кВт Жылу қуаты, кВт Жылу жеткізгіштің шығыны, м³/с
АГП-60 60 60 2,35
АГП-100 100 80 3,42
АГП-150 150 110 3,42
АГП-200 200 160 6,85
АГП-250 250 200 8,51
АГП-315 315 250 10,76
АГП-350 350 290 12,22

 

МеталПромЭкспорт өндірген когенерациялық қондырғыларды орындау нұсқалары:

  • ашық орындау (жақтауда) – ғимараттарда инсталляция үшін қолданылады
  • блок-модульдік орындау.

 

Когенерациялық қондырғыны мамандандырылған блок-контейнерге орнату бірқатар артықшылықтарға ие: атмосфераға төзімділік қамтамасыз етіледі, қадағалау органдарында электр станцияларын орнату үшін жайларды келісу үшін рұқсат құжаттарын алу қажет болмайды, орнатылған жабдықты демонтаждаусыз қоныс аудару мүмкіндігі бар.

МеталПромЭкспорт ЖШҚ өндіретін газпіспекті электр станциясы негізіндегі когенерациялық қондырғылар электр және жылу қуатын алу үшін негізгі қуат көзі, ал электр қуатын алу үшін резервтік қуат көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Когенерация технологиясын қолдану түпкілікті тұтынушыға электр және жылу қуатына қатысты өзінің жеке қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сол арқылы экономикалық пайда мен энергетикалық қауіпсіздіктің артуы қамтамасыз етіледі.



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru