ЖШО «МеталПромЭкспорт» ЖШО «МеталПромЭкспорт»





Энергетикалық және экологиялық жабдық


Өнеркәсіптік ағындарды тазарту жүйелері

Өндірістік үдерістердің нәтижесінде кәсіпорындарда түзілетін өнеркәсіптік және құрамында мұнай бар ағындар айналымдық сумен қамту құрамына дейін және су қоймасына, бедерге түсірілмес бұрын тазартылуы қажет. Су өндірістік айналымға кері жеткізілгенге дейін немесе табиғи гидросфераға түсірілмес бұрын (тікелей немесе орталықтандырылған кәріз жүйесі арқылы) ластаушы заттардың жалпы шоғырлануы негізгі технология мен табиғат қорғау заңнамасында белгіленген талаптарда айқындалған деңгейге дейін төмендетілуі қажет екені заңнамамен реттелген.

МеталПромЭкспорт өндірушісінің жабдығы

“МеталПромЭкспорт“ ЖШҚ компаниясы өнеркәсіптік және құрамында мұнай бар ағындарды тазартуға арналған жабдық шығарады, бұл ағындардың суға жіберілуі үшін рұқсат етілген өлшемдерге дейін тазартылуына мүмкіндік береді. Өнеркәсіп кәсіпорындарының ағынды суларын тазарту күрделі міндет және тазарту технологиясын/әдісін таңдау келесі белгілерге байланысты:

  • өндіріс типі (ағын құрамының талдамасы)
  • тазартылған ағындар құрамына қойылатын талаптар
  • қажетті өнімділік
  • қолданылатын жабдықтың орналастырылатын орны.

Компания жасайтын жабдық өнеркәсіптік ағындарды ластаушы заттардан, соның ішінде уытты заттардан, оның ішінде мұнай өнімдерінен, майлардан, ОХП (оттегіні химиялық пайдалану), БПК (оттегіні биологиялық пайдалану), ерімеген заттардан, металлдардан және т.б. тазартылуын қамтамасыз етеді.

Өзіміз өндірген жеткізілетін жабдықтың өнімділігі: 1-500 м3/сағат (5 000 м3/сағат дейін болуы мүмкін).

Біздің компанияның мамандары Тапсырыс берушінің тілегін ескере отырып, өнеркәсіптік ағындарды тазартуға арналған станцияларды есептейді, жобалайды, өндіреді және оңтайлы нұсқасын таңдап береді.

Құрамында мұнай бар және өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту жүйелері төмендегіні тазартуға арналған:

  • құрамында мұнай бар ағындарды мұнай өнімдерінен, қалқымалы заттардан, ССБЗ, майлардан, жартылай органикалық ластаушылардан;
  • Кәсіпорындарды, АЖС, авто шаруашылықтарын, автокөлік тұрақтарын, мұнай базаларының аумағын нөсерлі ағынды сулардан;
  • теміржол көлігі, жүк терминалдарының жылжымалы құрам жуғыштарын, автокөлік жуғыштарын ағынды сулардан;
  • теңіз және өзен кемежайларындағы кемелерді балшықты суларын
  • гальваникалық ағындардан
  • ас өнеркәсібі кәсіпорындарының: ет-сүт, балық өңдеу, кондитерлік, спирт зауыттарын өндірістік ағындардан

Қондырғылар ауа температурасы кемінде +5 °С жабық өндірістік ғимараттарда пайдалануға арналған. Біз өндірген блок-контейнер орнатылған жабдықты -50-ден +50 °С-ге дейінгі сыртқы орта температурасында пайдалануға болады.

Біздің компания жабдықты мамандандырылған блок-контейнерлерінде жеткізеді немесе әрекеттегі ғимараттарда пайдалану орнында монтаждау жұмыстарын жүзеге асырады.

Ағынды суларды тазарту әдістері мен сызбасы

Суды тазартудан кейін, шығар жердегі судың талап етілген сапасына байланысты тиісті техникалық-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, тазарту әдістері/сүзгілері немесе олардың үйлесімі таңдалуы тиіс:

  • коагулянттар мен флокулянттар реагенттерін қосып тұндыру әдісі
  • флотациялау әдісі
  • озонға айналдыру әдісі
  • сорбциялау әдісі
  • центрифугалау әдісі

Өнеркәсіптік ағынды суларды мұнай өнімдерінен, қалқымалы заттардан, сонымен қатар әр түрлі текті майлардан және басқа да ластаушылардан тазарту үшін тазарту құрылымдарының келесі сызбасы қолданылады:

  • Орташалау – ластаушы заттардың шоғырлануына немесе су шығынына байланысты кәсіпорындардың тазарту құрылымдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін орташалау типі таңдалады.
  • Тұндыру – ерімеген қалқымалы(тұнатын немесе қалқымалы) ірі дисперсиялы заттарды бөлу үшін қолданылады.
  • Ағынды суларды реагенттік өңдеу қысымды флотатордың жұмыс тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
  • Қысымды флотациялау – суды қалқымалы және эмульгирленген заттардан тазарту жүзеге асырылады.
  • Сорбциялау сүзгісінде ағынды суларды соңына дейін тазарту қажетті сапаға дейін жүзеге асырылады.

Компания өндірістік ағындарды тазартуға арналған зауытта шығарылған жоғары тиімді жабдықты өндіреді және Тапсырыс берушіге ұсынады.
Біз ағынды суларды қажетті көлем мен сапаға дейін тазартуға мүмкіндік беретін сапалы жабдықтың жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, Тапсырыс берушілермен бірлесе қызмет етеміз:

  • тазарту әдістерін іріктеу және қағидалық сызбаны әзірлеу
  • техникалық ұсыныстар мен тапсырмаларды әзірлеу
  • жұмыс жобаларын әзірлеу
  • жабдықтарды жасау және жүйелерді жиынтықтау
  • құрылыс-монтаждау жұмыстары (қажет болған жағдайда)
  • жабдықты монтаждау
  • іске қосу жұмыстары

"МеталПромЭкспорт" ЖШҚ шығаратын өнімдер МЕМСТ, ҚНжЕ мен экология, табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылаушы мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес, әр түрлі ағындарды қалқымалы заттардан, мұнай өнімдерінен, майлардан, СБЗ және басқа да ластаушылардан жоғары дәрежеде тазартылуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ ақпарат алу және жабдық құнын есептеу үшін +7 (4855) 290-880 тел. /факсы бойынша мамандармен байланысу қажет немесе техникалық тапсырманы толтыру керек.

Цехтағы 2 блок-контейнерінде өнімділігі тәулігіне 50 м<sup>3</sup> құрайтын ет цехы үшін өнеркәсіптік ағындарды тазарту

Өнімділігі тәулігіне 50 м<sup>3</sup> құрайтын құрамында органикалық байланыстардың мөлшері жоғары өнеркәсіптік ағындарды тазартуға арналған жабдық

Өнімділігі сағатына 2,10 м<sup>3</sup> құрайтын БКО сериялы өнеркәсіптік ағындарды тазарту жүйесі

Өнімділігі тәулігіне 50 м<sup>3</sup>  ет өндірісі үшін өнеркәсіптік ағындарды тазарту жүйесі

Габариттік өлшемдері  4х3х3 м блок-контейнерінде өнімділігі тәулігіне 24 м<sup>3</sup> құрайтын мұнай ағындарын тазартудың өнеркәсіптік жүйесі

Әрекеттегі ғимаратқа орнатылған, өнімділігі тәулігіне 720 м<sup>3</sup> өнеркәсіптік ағындарды тазарту жүйесі

Сүт өңдеу зауытында ғимаратқа монтаждалған жуғыш жабдығынан кейінгі ағындарды тазарту жүйесі

Габариттік өлшемдері 6х3х3 м, 8х3х3 м 2 блок-контейнерінде өнеркәсіптік ағындарды тазарту жүйесін автокөлікпен тасымалдау

Өнімділігі сағатына 6 м<sup>3</sup> блок-контейнерлік орындаудағы өнеркәсіптік ағындарды тазарту үшін жабдықты т/ж платформасында тасымалдау



Өнім | Компания туралы | Жұмыс сатылары | Фотогалерея | Тапсырыс жасау | Контактілер | Сұрақ беру
© 2024 ЖШО "МеталПромЭкспорт". Сайтта орналастырылған ақпардың барлық құқықтары қорғалған ›

Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru